Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың I тоқсанына атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Су ресурстарын пайдалану саласы бойынша

Суармалы жерлер бойынша:

Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және қалпына келтіру туралы Елбасының тапсырмасына сәйкес облыста 158 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу жөніндегі, жалпы құны 161 млрд. теңгені  құрайтын 3 (үш) жобаны іске асыру үшін жұмыстар жалғастырылуда. 

(Анықтама ретінде:

- 15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша (9,3 млрд. теңге);

- 143 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша (138,3 млрд. теңге);

- 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы (13,4 млрд.теңге).

ПУИД-2 жобасына (Республика бойынша 113,0 мың га,о.і.  Алматы  обл. - 12,5 мың га, Жамбыл обл. - 15,0 мың га, Түркістан обл. - 70,4 мың га, Қызылорда обл. - 15,1 мың га) Жалағаш ауданының  Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтеріндегі 15,1 мың гектар суармалы жерлері енгізілген.

Жобаға енген су нысандарын құжаттандыруға 2016-2017 жылдары облыстық бюджеттен 63 млн. теңге бөлініп, су нысандары республикалық меншікке өткізілді. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге.

2018 жылғы 31 қарашада ҚР АШМ халықаралық қағидаларға сәйкес сатып алу конкурсы жарияланып, 2019 жылдың  сәуір айында  Консорциум «Мелиоратор» ЖШС-і, «Казахдорстрой» ЖШС-і, «Ақсу» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. (Анықтама ретінде: Қаржыландыру көзі - республикалық бюджет 70%, Дүниежүзілік банк 30%).

ПУИД-2 жобасы жойынша  су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары басталып, жоба бойынша 2019 жылы бөлінген 837 млн.теңге қаржыға 1 810 шақырым су жүйелерінің 241 шақырымы (13,3%) тазаланып, 14 516 дана су құрылыстарының 481-і (3,3%) салынды.

ПУИД-3 жобасына(Республика бойынша 311 мың га, о.і.  Алматы обл. - 40 мың га, Жамбыл обл. - 10 мың га, Түркістан обл. - 118 мың га, Қызылорда обл. - 143 мың га.) 143 мың гектар жер енгізілген.   2018-2019 жылдары құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен аудандар мен  қала бюджетіне (Арал ауданынан басқа) 771 млн.теңге ағымдағы трансфертбөлініп (оның 148,4 млн. теңгесі үнемделген), Қызылорда қаласы, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша құжаттандыру жұмыстары аяқталды.

2020 жылы жобаға енген су нысандарын республикалық меншікке өткізу жұмыстары атқарылатын болады.

29 мың га суармалы жерлерді айналымға қосу жобасына  енген су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 2017-2018 жылдары облыстық бюджеттен 425 млн. теңге бөлініп, құжаттандыру жұмыстары аяқталып, су нысандары республикалық меншікке өткізілді.

Жоба Азия даму банкінің қарыз қаражаты есебінен 2020 жылы іске асырылатын болады. ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің тапсырысы бойынша "Суармалы жерлер үшін ирригациялық жүйелерді жаңғырту (модернизация)" жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда, инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жерлердің 80% қалпына келтіріліп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына үлкен әсер тигізетін болады.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету:

2020 жылға елді мекендердің экологиялық жағдайын және аяқ сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында  8 каналға (Қазалы ауданы Қазалы қаласындағы «Көне Қырғыз арық», «Дәулет арық», Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округіндегі «Меней», Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округіндегі «Ауыл арығы», Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам», Амангелді ауылдық округіндегі «Қызыл ту», Шиелі ауданы Гигант ауылдық округіндегі «Л-1», Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылдық округіндегі «У1, У2, У3, У4»)  су шаруашылығы жұмыстары жүргізуге 190,6 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның бүгінгі күнге 220 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.

Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу:

Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 26 көлге су қорғау белгілері орнатуға 6,8 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
22 апреля 2020
Дата обновления
22 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы