Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару
Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағыты бойынша 2030 жылға қарай 3 нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында төмендегідей жұмыстар атқарылуда.
Жалпы облыс аумағында қалдықтарды тасымалдау, жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 41 ден астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды.
2022 жылдың 6 айында жинақталған 69,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 16,0 мың тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 23,1 % құрады.
Облыс тұрғындарының 71,3 % тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
2022 жылдың 6 айында тұрмыстық қатты қалдықтар үшін 521 дана контейнер сатып алынып орнатылды.
Жалпы облыста 15287 дана контейнер орнатылса соның ішінде 3074 дана контейнер бөлек жинауға орнатылған.
Полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында 2015-2017 жылдары облысқа қарасты 145 елді мекендерге барлығы
402 гектар жер учаскелері белгіленді.
Бүгінгі күні, облыстағы 7 полигон экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген.
2020 жылы Арал қаласындағы полигон құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Жобаның жалпы құны – 179,5 млн.тг.(ОБ бөлінгені - 156,9 млн.теңге млн. теңге). Полигонның жылдық қуаттылығы - 37,8 мың тонна. Жер учаскесінің көлемі: 6,2 гектар. Арал қаласынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигон құрылысының жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд.теңге, соның 650 млн. теңгесі жеке инвестордың қаржысы есебінен жүзеге асты.
Жаңа полигон Белкөл кентінен 4 шақырымда орналасқан, көлемі 20,0 га. Кешеннің қуаттылығы: Жылына 60 мың тонна қалдық сұрыпталады.
2021 жылы 4 ауданда (Арал ауданы, Сексеуіл кенті, Жалағаш, Сырдария, Шиелі ) жаңа полигондар және сұрыптау кешені құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп қазіргі уақытта жобалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Полигондардың құрлыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр. Жобаның алдын ала құны-1,4 млрд.теңгені құрайды.