Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 6 айында атқарылған жұмыстар

Су шаруашылығы

Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 226 (372 нысан) су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

Ағымдағы жылы, елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында    158,1 шақырым болатын 20 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бүгінгі күні 6 каналға су шаруашылығы жұмыстары аяқталды. Қалған су шаруашылығы нысандары бойынша тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге, елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыстық бюджеттен 23 дана насос қондырғысын сатып алу белгіленіп, бүгінгі күні елді мекендерге насос қондырғылары жеткізіліп берілді.

Биылғы жылғы су тапшылығы жағдайын алдын-алу шараларын жүргізуге барлық қаржы (бюджет, шаруашылық құрылым қаржысы, «Қазсушар» РМК тарифі ) көздері есебінен жалпы ұзындығы 1034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғысын сатып алу, 87 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 322 дана гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 3,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, 21 канал тазалау, 52 ұңғыманы қалпына келтіру және бұрғылау  жұмыстары жүргізілетін болса, қашыртқы суларды қайта пайдалану және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 133 дана насос қондырғылары сатып алынуда.

Соның ішінде бүгінгі күні 14 каналға тазалау жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерге 46 дана насос қондырғылары жеткізілді.

Облыста суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 161 млрд. теңгеге 3 (үш) жоба әзірленген. Олар: пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар суармалы жерлерді айналымға қосу және 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобалары. (ПУИД-2, ПУИД-3) (ПУИД- проект по усовершенствованию ирригационных и дренажных систем).

Анықтама ретінде:

- 15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша (9,3 млрд. теңге);

- 143 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша (138,3 млрд. теңге);

- 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы (13,4 млрд.теңге).

Осы жобалар бойынша су шаруашылығы нысандарын құжаттандыруға облыстық бюджеттен 2017-2020 жылдар аралығында 1 млрд.теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Соның ішінде, 2019 жылдан бастап ПУИД-2 жобасы аясында Жалағаш ауданында (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң, Мәдениет а.о)  15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге. Аталған жоба бойынша 2019-2021 жылдары бөлінген 4,6 млрд.теңгеге 2 868,6 шақырым су жүйелерінің 540,7 шақырымы (15,3%) тазаланып, 21603 дана су құрылыстарының 2555-і (18%) салынды.

Ағымдағы  жылы 2,6 млрд. теңге қаржы игеру жоспарланған. Қазіргі таңда  704 677 м  (85 %) су жүйелері, 833 397 м (90%) қашыртқы жүйелері тазаланып, 7214 дана (51 %) су құрылыстары, 39 дана (25,8%) бақылау ұңғымалары салынды.

Бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда, инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жерлердің 80% қалпына келтіріліп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына өз септігін тигізетін болады.

Дата публикации
15 июля 2022
Дата обновления
15 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы