Балық шаруашылығы туралы
Арал өңірі үшін өмірлік маңызы бар «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде, облыста балық шаруашылығын дамуына үлкен мүмкіндіктер жасалды.
Балық аулау көлемі 20 есеге ұлғайды (400-ден 8 000 тоннаға дейін).
Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және
балық шаруашылығына маңызы бар 207 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 182 көл конкурстық негізде 5-10 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 25-і (Қызылорда-2, Арал-3, Қазалы-3, Жалағаш-3, Сырдария-1, Шиелі-11, Жаңақорған-2) резервтік қорда.
Балық аулау:
2021 жылы 7364 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке
152 млн.теңге қаржы түсірілді.
2022 жылдың 6 айында 5250.9 тн балық ауланып, республикалық бюджетке 83.5 млн. теңге қаржы түсірілді.
Балық экспорты:
2021 жылы 3911 тонна балық 10 шет елдеріне экспортталды (Ресей – 2927,5 тн, Польша – 275,4 тн, Литва – 145,9 тн, Нидерланды – 31,7 тн, Грузия – 246,7 тн, Германия –192,9 тн, Украина – 39,9 тн, Қырғызстан – 2,0 тн, Австрия – 28,8 тн, Әзірбайжан – 20 тн ).
2022 жылдың 5 айында 1802,5 тонна балық 9 шет елдеріне экспортталды (Ресей – 865,8 тн, Польша – 176,74 тн, Литва – 178,9 тн, Грузия – 200 тн, Германия –229,2 тн, Австрия – 43,1тн, Әзірбайжан – 60 тн, Венгрия – 32,4 тн, Чехия – 16,4 тн).
Бүгінгі күні, облыс бойынша 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар.
Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
Облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында, тауарлы балық өсіру жұмыстары күшейтілуде.
2017 жылдан 2021 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 713 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды.
(2017 ж – 105 тн, 2018 ж – 125 тн, 2019 ж – 144 тн, 2020 ж – 155 тн, 2021 ж – 184 тн).
2021 жылы көл-тауарлы балық көлемі 184 тоннаға жетсе, балық өсіретін шаруашылықтардың саны 39-ға жеткізілді.
Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, «Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаға сәйкес, 2030 жылға қарай, облыстың балық экспортын
2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттырып, 500-ден астам жаңа жұмыс орындары құрылады.
Нәтижесінде, облыста 16 шарбақтық шаруашылық, 12 тоған шаруашылық, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізіледі деп күтілуде.
2021 жылы облыстық бюджет (30,6 млн.теңге) есебінен балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына шарбақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін барлығы 51 ғылыми-биологиялық негіздеме (39 КТБШ – 22,8 млн. теңге және 12 ШБШ – 7,8 млн.теңге) әзірленді.
Сонымен қатар, 7 балық шаруашылығы су айдындарына паспорттау
(2,45 млн.теңге) жұмыстары жүргізілді.
2022 жылға қойылған міндеттер:
Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру, оның ішінде:
- тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының санын 55–ке жеткізу;
- тауарлы балық көлемін 409 тоннаға жеткізу;
- 140,5 млн. теңге инвестициялық субсидиялау көлемін игеру;
- облыс төңірегіндегі күріштік алқаптардан ҚР Қызыл кітабіна енген
10 мың дана Арал қаяз балығын құтқару шараларын ұйымдастыру.