Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

Орман шаруашылығы

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі
7,0 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады.

Мемлекет Басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 2021-2025 жылдар аралығында 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 2022 жылы теңіздің құрғаған ұлтанында 250 мың га фитоорманмелиорациялық жұмыстары атқарылатын болады.

Оның ішінде, облыстың деңгейінде 95,4 мың гектарын жүргізу жоспарланып, бүгінгі күні, 12 мың га жеріне сексеуіл көшеттері отырғызылды.

Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 100 га уақытша орман тұқымбақтары ұйымдастырылуда.

Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 302 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланып, І жартыжылдығында 151 мың га жерге жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 27 192 га ауру ошақтары анықталды.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 567 (орман билеті) жеке және заңды тұлғаларға берілді. Облыстық бюджетке 7,2 млн. теңге түсірілді.

Сонымен қатар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 155 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша
21 жағдайы анықталды.

2022 жылдың 9 наурызында 2022 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 11 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.

Ағымдағы жылы орман шаруашылығы мекемелеріне 2 дана өрт сөндіру автокөлігін (Арал-1, Сырдария-1) сатып алу үшін облыстық бюджеттен
115,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Өрт қауіпті учаскелерде 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және
3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілуде.

Жыл басынан бастап елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге 2 346 дана ескерту хаттар таратылып, 190 рет түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарына 14 рет мақалалар жарияланды.

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 2021-2025 жылдар аралығында 1,1 млн.га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, теңіздің құрғаған ұлтанында
2021 жылы 101 мың га сексеуіл егу жұмыстары жүргізіліп, 2022-2025 жылдары аралығында жыл сайын 250 мың га фитоорманмелиорациялық жұмыстарын атқару бойынша шаралар қабылдануда.

2022 жылға жоспарланған 250 мың га көлемнің 95,4 мың гектарын облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің күшімен атқарылатын болады.

Соның ішінде, көктем айында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 12 мың га сексеуілді көшеттен отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Күз айында 32 мың га механикалық себу және 51,4 мың га табиғи өсіп-өнуге ықпал ету жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен трансферт арқылы 403,1 млн. теңге қаржы бөлінді.

Дата публикации
15 июля 2022
Дата обновления
15 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы