Меню

Страницы

Статья

2021 жыл қорытындысы және 2022 жылдың I-тоқсан жағдайы бойынша

Талдамалық анықтама

 

           Кіріспе бөлімі:

          Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ішкі талдау қорытындысы      

          Сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы  22.02.2022 ж.  бұйрық № 33-ө  Топ жетекшісі Қ. Жансұлтанұлы.   

            Сипаттама бөлігі:   

            1.Персоналды басқару бойынша:

           2021 жыл қорытындысы және 2022 жылдың I-тоқсан жағдайы бойынша:

         «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы әкімдігінің                2016 жылғы 4 шілдедегі №516 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, Қызылорда облысының аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функцияларын орындауда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

           Басқарманың  құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.

         2021 жылы басқарманың құрылымы Басқарма басшысы, басшының орынбасарлары және 7 бөлімнен, атап айтқанда: 1) Әкімшілік бөлімі,                  2) Орман шаруашылығы бөлімі, 3) Жануарлар дүниесі бөлімі, 4) Су ресурстары бөлімі, 5) Табиғат қорғау шараларын іске асыру бөлімі, 6) Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі, 7) Қаржы шаруашылығы бөлімдерінен тұрса, 2022 жылдан бастап Басқарма басшысы, басшының орынбасары және                          6 бөлімнен тұрады, Атап айтқанда: 1) Табиғат қорғау шаралары және әкімшілік жұмыстар бөлімі, 2) Орман шаруашылығы бөлімі, 3) Балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімі, 4) Су ресурстары бөлімі, 5) Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі, 6) Жобалық басқару және қаржы бөлімі.

           Басқарманың штат кестесі бойынша:

         2021 жылы 41 орын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны - 16, штаттан тыс қызметкерлер саны - 25. Нақты атқарып отырған қызметкерлер саны - 38, бос орын - 3.

         2022 жылы 39 орын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны - 14, штаттан тыс қызметкерлер саны - 25. Нақты атқарып отырған қызметкерлер саны - 38, бос орын - 1.

           Қызметшілер құрамы жағынан 22 жасқа дейін – 1 адам, 23-29 жасқа дейін –  12 адам, 30-39 жасқа дейін – 11 адам, 40-49 жасқа дейін – 11 адам,                   50-ден асқандар – 3 адам.

          Білімі бойынша 38 қызметкер де жоғары білімді, оның ішінде                             15 - экономист, 11-экология, 8 заңгер, 10 орман шаруашылығы, 5 инженер – гидротехник мамандықтары бойынша қызмет атқаруда.

         Табиғат қорғау шаралары және әкімшілік жұмыстар бөлімінің құрылымында 9 қызметкер (3 - мем. қызметші, 6-шт. тыс қызметкер)  жұмыс атқарады.

Табиғат қорғау шаралары және әкімшілік жұмыстар бөлімінің бөлімінің басшысы және Кадр мәселелері жөніндегі бас маман  кадр мәселесіне қатысты шараларды атқарады және қызметкерлердің  кәсіби кадрлық дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастырады.          

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерлерінің жеке істерін және            басқарманың кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізу, оның ішінде                         «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесін  жүргізу  жүктелген.                      2021 жылы 2 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өткен және 2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен 1 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалының 2021 жылға арналған жоспар кестесіне сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін біліктілігін арттыру курстарынан 2021 жылғы 12-14 мамыр аралығында мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы Т. Досмаилов және табиғат қорғау шараларын іске асыру бөлімінің басшысы Б. Изкенов                        2021 жылғы 01-03 қараша аралығында біліктілігін арттыру курстарынан өткен (29.10.2021 ж. №70-жқ бұйрық).

2022 жылға арналған жоспар кестеге сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін біліктілігін арттыру курстарынан 2022 жылғы                 14-18 наурыз аралығында мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы Г. Балтикова біліктілігін арттыру курсынан өткен (10.03.2022 ж.                    №16-жқ бұйрық).

Басқарма қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын қабылдау, дайындау, сақтау, толтыру жұмыстары уақытылы  және  сапалы жүргізілген.

Қызметкерлердің жұмыс уақыты табелі ай сайын жүргізілген.

2021 жылы Басқарма бойынша 882 бұйрықтар  (негізгі қызмет- 453, жеке құрам-85, еңбек демалысы-167, іссапар-177), ал 2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен Басқарма бойынша 175 бұйрықтар  (негізгі қызмет- 68, жеке құрам-20, еңбек демалысы-44, іссапар-43) жобасына құқықтық сараптама жүргізіліп, нәтижесінде  заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

 Жеке құрам бойынша 2021 жылы - 177 іссапарлар жасалса,                                  ал 2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен - 43 іссапарлар жасалған.    

Іссапар нәтижелері бойынша заң бұзушылықтар  анықталмаған.      Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары туралы декларацияның уақытылы тапсырылуы бақылауға алынып, барлық қызметкерлер 2020 жылға арналған табыс туралы декларацияларын өз уақытында тапсырған және                   2021 жылға арналған табыс туралы декларация 2022 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырылатын болады.

Тәртіптік шара көрілген қызметкерлер бойынша:

2021 жылы есепті кезеңде өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы Т. Досмаиловқа «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза көрілген (20.09.2021 ж. №65-жқ  бұйрық).

Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің әдіскері А. Аптаеваға «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза көрілген (20.09.2021 ж. №66-жқ  бұйрық).

Сондай-ақ, өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жануарлар дүниесі бөлімінің әдіскері Ә.Ерұланға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза көрілген (07.10.2021 ж. №68-жқ  бұйрық).

2022 жылы есепті кезеңде өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің әдіскері Б. Нұрмахановқа «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза көрілген (18.01.2022 ж. №2-жқ  бұйрық).

Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің әдіскері                           Ә. Ерұланға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза көрілген (18.01.2022 ж. №3-жқ  бұйрық).

Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін су ресурстары бөлімінің әдіскері А. Советбекке «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза көрілген (18.01.2022 ж. №4-жқ  бұйрық).

Өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі бөлімінің әдіскері                           Э. Жақыповаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза көрілген (25.01.2022 ж.                №5-жқ  бұйрық).

Сондай-ақ, өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін табиғат қорғау шаралары және әкімшілік жұмыстар бөлімінің іс жүргізу жөніндегі инспекторы А. Әбжәмиге «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза көрілген (28.03.2022 ж. №18-жқ  бұйрық).

Басқарма қызметкерлеріне қолданған тәртіптік жазалар алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу, мерзімінен бұрын және тым қысқа мерзімде алынған тәртіптік жазалар, жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей лауазымға жоғарылату, өзге лауазымдарға ауыстыру  фактілері анықталмаған.

Жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтарын бұзуды немесе шектеуді жасаған немесе жол берген тұлғалар туралы фактілер анықталған жоқ         ҚРБП ҚСжАЕК «Арнайы есепке алу» АЖ арқылы алынған мәліметі бойынша Басқармада сыбайлас жемқорлық және қылмыстық іс қозғалған кызметкерлер анықталмаған. 

Сыйақы беру туралы:

2021 жылы Басқарма қызметкерлеріне мереке күндеріне байланысты                  2 рет сыйлықақы тағайындалған.

  1. Облыс әкімінің 2021 жылғы 25 ақпандағы №182-ө «Сыйлық ақы беру туралы» өкіміне сәйкес, «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мемлекеттік мерекесіне орай Басқарманың 2021 жылғы 04 наурыздағы №7-жқ бұйрығымен үнемделген қаражат есебінен мемлекеттік қызметшілер мен техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлеріне сыйлықақы берілген.
  2. Облыс әкімінің 2021 жылғы 29 қарашадағы №350-ө «Сыйлық ақы беру туралы» өкіміне сәйкес, «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні және 1-2 қаңтар Жаңа жыл» мемлекеттік мерекелеріне байланысты, Басқарманың 2021 жылғы                      10 желтоқсандағы №79-жқ бұйрығымен  үнемделген қаражат есебінен техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлеріне және 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №83-жқ бұйрығымен мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы берілген.

Басқарма қызметкерлеріне сыйақы заң талаптарына сәйкес берілген.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Әр қызметкер лауазымдық міндеттеріне сәйкес өз жұмысын атқарып келеді.   

  1. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыиен 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

Олар:

  1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру;
  2. Ағаш кесу және орман билетін беру;
  3. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;
  4. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру.

2021 жылы электронды үкімет порталы арқылы – 1792 (100%) қызмет көрсетілген болса, ал 2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында барлығы 615 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы - 615 (100% ) қызмет көрсетілген.

Атап айтсақ 2021 жыл қорытындысымен:

  1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 490 қызметтер көрсетілді, оның 168 аң аулауға рұқсат алса, 289 балық аулауға рұқсат алды, бас тарту саны-24 барлық қызмет 100% электронды порталы арқылы көрсетілген.

2021 жылдың 12 айында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар бойынша республикалық бюджетке 152 млн 720 мың  теңге түсті.

  1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 677 адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ағаш кесу билеті-1, орман билеті-639 және бас тарту саны-37). Электронды түрде 100%.

2021 жылдың 12 айында ағаш кесу және орман билетін беру бойынша облыстық бюджетке 15 млн 4 мың  теңге түсті.

  1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамалар электронды порталы арқылы – 168 өтініштер келіп түсті (оның 220-не қызмет көрсетілді).

Берілгені 88 қорытынды.

Оның ішінде:

ІІ санат объектілері бойынша – 44;

ІІІ  санат объектілері бойынша – 30;

ІV санат объектілері бойынша - 14.

132 құжаттар топтамасы толық болмауына байланысты және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылаған материалдар бойынша ескертулер бойынша кері қайтарылды;

69 мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттары тапсырыс беруші тарапынан дұрыс тапсырмауына байланысты кері қайтарылып алынған.

  1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2021 жылдың 12 айында электронды портал арқылы – 445 өтінім келіп түсті (оның 405-на қызмет көрсетілді).

Кешенді ведомствадан тыс сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінің порталы арқылы -250, е-лицензирование ішкі порталы арқылы - 108 эмиссияға рұқсат берілген.

Берілгені 358 рұқсат.

Оның ішінде:

ІІ санат объектілері бойынша – 34;

ІІІ  санат объектілері бойынша – 26;

ІV санат объектілері бойынша - 298.

47 құжаттар тортамасы толық болмауына байланысты және нормативтерінің берілген өтінімге сай келмеуіне байланысты кері қайтарылды;

44 қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттары тапсырыс беруші тарапынан дұрыс тапсырмауына  байланысты кері қайтарылып алынған.

Азаматтар үшін көрестілетін мемлекеттік қызметтер толығымен электоронды форматқа өтіп электронды түрде көрсетілуде. 

2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен:

2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында барлығы 615 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы -                             615 (100% ) қызмет көрсетілген.

Атап айтсақ:

  1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша –72 рұқсат берілді.

Республикалық бюджетке 35 млн 853 мың 598 теңге түсті.

2.«Ағаш кесу және орман билетін беру»мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 399 адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді

Облыстық бюджетке 3 млн 880 мың 390 теңге түсті.

  1. «2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамалар электронды порталы арқылы – 139 өтініштер келіп түсті.(көрсетілген қызмет саны- 129)

Берілгені 42  қорытынды.

Оның ішінде:

ІІ санат объектілері бойынша – 5;

ІІІ  санат объектілері бойынша – 35;

Өзге жоба (иные проекты) – 2.

87 құжаттар топтамасы толық болмауына байланысты және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылаған материалдар бойынша ескертулер бойынша кері қайтарылды;

10 мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттары тапсырыс беруші тарапынан дұрыс тапсырмауына байланысты кері қайтарылып алынған.

  1. «II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында электронды порталы арқылы – 19 өтінім келіп түсті. (көрсетілген қызмет саны-15)

Берілгені 5 рұқсат.

Оның ішінде:

ІІ санат объектілері бойынша – 5;

10 құжаттар тортамасы толық болмауына байланысты және нормативтерінің берілген өтінімге сай келмеуіне байланысты кері қайтарылды.

4 мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттары тапсырыс беруші тарапынан дұрыс тапсырмауына байланысты кері қайтарылып алынған.Облыстық бюджетке. 235 млн.805 мың теңге түсті.

2022 жылдың сәуір айына дейін 117 қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Ашық отырыс нысанында өткізілген қоғамдық тыңдаулар саны-67 және жария таллқылау нысанында рәсімделген қоғамдық тыңдаулар саны-50.

4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Рұқсат беру функциясы Басқарманың құзырында жоқ.

5.Бақылау функцияларын іске асыру

Басқаманың құзырына бақылау функциясы жүктелмеген.

2021 жыл және 2022 жылдың 1- тоқсан кезеңіне басқарманың қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

6.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер    Басқарма бойынша 2021-2022 жылдарға  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жоспарлары бекітілген.

Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2021 жылы 5 рет 2022 жылы                3 рет құқықтық оқытулар өткізілді.

Басқарма қызметкерлері арасында қызмет барысында және қызметтен тыс кезде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында сыбайлас -жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптаржазбаша түрде таныстырылған.

Басқарма басшылығымен қызметкерлер тарапынан этикалық нормалардың сақталуы ұдайы талап етіледі.

Басқармамен әр тоқсан сайын жеке және заңды  тұлғалардың өтініштерінің заңнамаға сай толық, тиянақты қаралуы, оларға  берілген жауаптардың толықтылығы мен  объективтілігіне талдау жасалып, зерделеніп, нәтижесі аппараттық мәжілісте қаралып, тиісті шешім қабылдануда.

2021 жылы және 2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі» талаптарында көзделген өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу фактілері орын алмаған.   

Мекеменің ұйымдастыру-басқару үрдістерінің ашықтығы ақпараттық жүйелер арқылы қамтамасыз етілуде.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы                               30 желтоқсандағы №1271 «Ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Басқармамен                        2021 жылдың   бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептері мен игерілуі туралы ақпараттар веб-порталда орналастырылған.

Facebook  әлеуметтік желісінде Басқарма парақшасы ашылған, онда басқарманың ағымдағы жұмыстары туралы жарияланымдар жарық көреді.       

Есепті мерзімде аталған парақшада 5 мыңнан астам жазылушылары бар.

Басқарманың ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау» арнайы бөлiм құрылып, жұмыс iстейдi, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпарат орналастырылған.

2021 жыл және 2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен сыбайлас жемқорлық көрiнiстері бойынша БАҚ-да Басқарма қызметкерлерiне қатысты сыни жарияланымдар болған жоқ.

Басқарма басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі ғимараттың көпшілікке көрінетін жерінде орналастырылған, қабылдау уақыттары туралы ақпарат жарты жыл сайын облыстық  басылымдарға жариялануда.

Басқармаға келіп түсетін арыз-шағымдарға арналған жәшік орналастырылған, «сенім телефоны» тұрақты  жұмыс жасайды.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы»  Заңына сәйкес Басқармамен,                   2021 жылы - 140 және 2022 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен 70 мемлекеттік сатып алу шарттары жасалған (Басқарма қызметін қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметтер, жұмыстар мен тауарлар).

Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша:

Басқармаға 2021 жылы 2 995 574,3 мың теңге  бөлініп, бөлінген қаржы               99,9% игерілген.

Басқарма қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Басқарманың 2022 жылғы 22 ақпандағы №33-ө бұйрығы негізінде жүзеге асырылды.

Талдау барысында басқарманың қызметіндегі 2021 жыл қорытындысы және 2022 жылдың 1-тоқсан кезеңі қамтылды.

Басқарма қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау қорытындысына сәйкес төмендегі ұсынымдар енгізілді:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында БАҚ арқылы материалдар (айдарлар, теледидар бағдарламары, мақалалар) жариялап отыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізу;

3) Басқармамен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тоқсан сайын талдау жасау;

4) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы,                        ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша тұрақты түрде түсіндірмелі шаралар өткізу.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының құрамы:

     Жұмысшы топ жетекшісі:                                    Қ.Жансұлтанұлы 

      Жұмысшы топ мүшелері:                                               Б. Изкенов

 

                                                                                                   Т. Досмаилов

 

                                                                                                    А. Аяғанов

                                                                                                                                       

                                                                                                  Ж. Айтжанова

 

                                                                                                    Р. Оспанова

  

                                                                                                   Д. Бердешова

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық  бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды

реттеу  басқармасы

(талдау объектісінің атауы)

 

Р/с

№

Сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

бойынша әдістемелік ұсынымдар

Іс-шара

Аяқтау

нысаны

Жауапты

орындаушылар

Орындау

мерзімі

1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында БАҚ арқылы материалдар (айдарлар, теледидар бағдарламары, мақалалар) жариялау

Басқарманың интернет- ресурсында ақпараттық материалдар жариялау

Интернет -ресурстарға ақпараттар енгізу

Әкімшілік бөлім (Б. Изкенов )

тұрақты

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізу

Мониторинг жүргізу

Мониторинг қорытынды

сын әзірлеу

Әкімшілік бөлім (Б. Изкенов)

І және

ІІ жарты

жыл

дық

  3

Басқармамен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тоқсан сайын талдау жасау

 

Талдау жүргізу

Анықтама әзірлеу

Әкімшілік бөлім (Б. Изкенов)

тұрақты

4

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы                   іс-қимыл туралы» Заңы,    ҚР мемлекеттік қызметшіле

рінің Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру бойынша тұрақты түрде  түсіндірмелі шаралар өткізу

Құқықтық оқыту өткізу

Хаттама әзірлеу

Әкімшілік бөлім (Б. Изкенов)

тұрақты

 

Талдамалық анықтама

Дата публикации
03 мая 2022
Дата обновления
03 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы