Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2021 жылғы 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстарының есебі

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2021 жылғы 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстарының есебі

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар тұрақты түрде қабылданып келеді.

Басқарманың негізгі міндеттері - (6 бағыт) қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын басқару, мемлекеттік орман қорын күзету, қорғау, молықтыру, жануарлар дүниесін қорғау, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару, мемлекеттiк экологиялық сараптамалар жүргiзу болып табылады.

Басқармада 41 штат бірлігі бекітілген. Оның ішінде 16-сы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, 25-і штаттан тыс қызметкерлер.  

Сонымен қатар, басқармаға қарасты 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелері, Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесі және шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жұмыс жасайды.

Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері және басқармаға қарасты мекеме директорлары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жасамау туралы шектеулерді жазбаша қабылдаған.

Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілді (2018 жылғы 8 қарашадағы №220-ө бұйрықпен). Стандартта жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде басқарма қызметкерлерінің мінез-құлық әрекеттері нақты белгіленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында бұқаралық ақпарат құралдарында 2021 жылыдың 12 айында 15 мақалалар жарияланған болса, «Facebook» әлеуметтік желілерінде посттар тұрақты түрде жариялануда.   

Сондай-ақ, басқарманың сенім телефондары, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселелермен қабылдау кестесі ресми-интернет ресурстарда және жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.

Сонымен қатар, Басқармамен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылып, Меморандум аясында бірлескен профилактикалық шаралар жүзеге асырып келеді.

Осы Меморандум аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің облыстық департаменті қызметкерлерімен бірге, басқарманың барлық қызметкерлері және басқармаға қарасты мекеме директорлары профилактикалық шара ретінде облыстық қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің  ЗК-169/1 мекемесінің тергеу изоляторы жұмыстарымен таныстырылды.

Сонымен қатар, іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың                 сәуір айында «Antikor» орталығында басқарма қызметкерлерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алудың талаптары бойынша тікелей эфирде қоғамдық қабылдау өткізіліп, қызмет көрсетудің талаптары туралы әлеуметтік желі қолданушыларына кеңінен түсіндірілді.   

Сондай-ақ, «Адалдық Алаңы» жобасы аясында ашықтықты қамтамасыз ету мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, басқармаға қарасты мекемелерде жобалық кеңсенің арнайы алаңдары ашылды. 

Осы шаралар аясында басқарма мен оған қарасты барлық мекемелердің ғимараттарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазалау мерзімі мен сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлаған адамдарды көтермелеу шаралары және пара алу мен пара берудің жазаланушылығы жөнінде әзірленген хабарландыру парақшалары көрнекі жерде орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, Telegram мессенджерінің Antikor News каналында жарияланатын сыбайлас жемқорлық деректері туралы ақпараттар WhatsApp әлеуметтік желісінде құрылған топтамалары арқылы басқарма қызметкерлеріне және басқармаға қарасты мемлекеттік мекеме басшыларына тұрақты түрде жолданылып келеді.

Сондай-ақ, «Antikor» орталығында басқарма басшылығының тікелей эфирде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған шаралар туралы хабарламалары мен сұхбаттары ұйымдастырылып келеді. 

Осы орайда, «Antikor Live» жобасы аясында басқарма басшылығының «Antikor» орталығында «Facebook» желісі арқылы тікелей эфирде атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар туралы хабарламалар жасап, облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

2021 жылдың 23 қыркүйек пен 6 қазан аралығында «Антикор» орталығында басқармаға қарасты 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері, облыстық жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің және «Табиғат» кәсіпорынының директорлары «Facebook» желісі арқылы тікелей эфирге шығып, атқарылған жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралары туралы хабарламалар жасады.  

«Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» бойынша жоспарланған объектілері мен өзге де шығыстар көлемі мен осы бағытта игерілген қаржы көлемі туралы уақытылы сапалы мәліметтер орналастырылып келеді.

2021 жылдың 30 желтоқсанда Басқарма және басқармаға бағынысты мекемелер квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ережесі бекітілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тоқталып өтсек, басқарма бойынша 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі және бұл қызметтер толығымен электронды форматта көрсетіледі.

Олар:

  1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру;
  2. Ағаш кесу және орман билетін беру;
  3. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;
  4. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру.

2021 жылы электронды үкімет порталы арқылы – 1792 (100%) қызмет көрсетілген.

Атап айтсақ:

  1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 490 қызметтер көрсетілді, оның 168 аң аулауға рұқсат алса, 289 балық аулауға рұқсат алды, бас тарту саны-24 барлық қызмет 100% электронды порталы арқылы көрсетілген.

2021 жылдың 12 айында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар бойынша республикалық бюджетке 152 млн 720 мың  теңге түсті.

  1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 677 адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ағаш кесу билеті-1, орман билеті-639 және бас тарту саны-37). Электронды түрде 100%.

2021 жылдың 12 айында ағаш кесу және орман билетін беру бойынша облыстық бюджетке 15 млн 4 мың  теңге түсті.

  1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамалар электронды порталы арқылы – 168 өтініштер келіп түсті (оның 220-не қызмет көрсетілді).

Берілгені 88 қорытынды.

Оның ішінде:

ІІ санат объектілері бойынша – 44;

ІІІ  санат объектілері бойынша – 30;

ІV санат объектілері бойынша - 14.

132 құжаттар топтамасы толық болмауына байланысты және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылаған материалдар бойынша ескертулер бойынша кері қайтарылды;

69 мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттары тапсырыс беруші тарапынан дұрыс тапсырмауына байланысты кері қайтарылып алынған.

  1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2021 жылдың 12 айында электронды портал арқылы – 445 өтінім келіп түсті (оның 405-на қызмет көрсетілді).

Кешенді ведомствадан тыс сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінің порталы арқылы -250, е-лицензирование ішкі порталы арқылы - 108 эмиссияға рұқсат берілген.

Берілгені 358 рұқсат.

Оның ішінде:

ІІ санат объектілері бойынша – 34;

ІІІ  санат объектілері бойынша – 26;

ІV санат объектілері бойынша - 298.

47 құжаттар тортамасы толық болмауына байланысты және нормативтерінің берілген өтінімге сай келмеуіне байланысты кері қайтарылды;

44 қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттары тапсырыс беруші тарапынан дұрыс тапсырмауына  байланысты кері қайтарылып алынған. (2021 жылдың 12 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін облыстық бюджетке 2 млрд. 651 млн 848 мың теңге түсті).

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес «Қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындау есептерін» 1,5 мыңнан астам табиғат пайдаланушылар тоқсан сайын басқармаға келіп, қағаз түрінде тапсырып келген.

Бұл, өз кезегінде облыс орталығынан қашық орналасқан шалғай елді мекендеріндегі табиғат пайдаланушылар үшін өз қиындықтарын туындатқан болатын.

Егер, есептер мерзімінде тапсырылмаса, Экология департаменті тарапынан табиғат пайдаланушыларға тиісті әкімшілік шаралар қолданылып отырған.

Осы туындаған мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және "Жобалық кеңсе" (Проектный офис) аясында, басқарманың бастамасымен «Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларының есебін қабылдау электронды жүйесін енгізу» жобасы 2019 жылы жүзеге асырылды.

(Анықтама ретінде: «Қызылорда облысы табиғат пайдаланушыларының есебін қабылдау электронды жүйесін енгізу» жобасына ұқсас жүйе басқа облыстарда және республикалық денгейде енгізілмеген).

Бүгінгі күні, табиғат пайдаланушылармен есептерді ұсыну процесі толығымен автоматтандырылып, мемлекеттің қатысуы бар 450-дей заңды тұлғалар (мысалы, мектептер, балабақшалар, мәдениет үйлері және т.б.) үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінетін іссапар шығындарын 32-36 млн. теңгеге үнемдеуге мүмкіндік берді. 

Бүгінгі күнге дейін басқармаға түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру кезінде олардың мерзімдерін бұзылу деректері орын алған жоқ.

Ағымдағы жылдың сәуір айында басқарманың және оған қарасты мемлекеттік мекемелердің қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізілді.

Жүргізілген талдаулардың нәтижелерімен тиісті шаралар қабылданып, сыбайлас жемқорлықтың алдың алу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келді.

Дата публикации
24 января 2022
Дата обновления
24 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы