Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 12 айында атқарылған жұмыстар

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША:

Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағытында облыста негізгі 3 нысаналы индикатор бойынша жұмыстар атқарылуда.

1-ші.  Қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру:      

Жалпы облыс аумағында түрлі қалдықтарды тасымалдау, сұрыптау жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 15 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды.

Есепті кезеңде  жинақталған 116,0 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың  22,8 мың тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 19,6 % құрайды.

 Анықтама ретінде:

 Қызылорда қаласында -«Ибрайхан и К ЛТД», Smart Rubber» (Смарт Раббер) ЖШС-і,

«Қызылорда Қағазы» ЖШС-і ,«ДаЖаЕр» ЖШС, «Август», «Аймырзаев», «Аян»  

Арал ауданы бойынша - ЖК «Садылдаев Д»;

Қазалы ауданы бойынша - ЖК «Ж. Карымсаков», «Ә.Бөлекбаев»;

Қармақшы ауданында  - ЖК «Досмуратов»;                                                                

Жалағаш ауданында  - «Сыр арна» ЖШС, ЖК «Қасиет», ЖК «Мақсұт»;                 

Сырдария ауданында - «ПК Саулет»,  «Т.Ермантаев», «С. Сейтов»;

Шиелі ауданында  - «Сазқұм» өндірістік кооперативі;

Жаңақорған ауданында - «Нұр-Шах» ЖШС-і.                         

2-ші. Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен  қамту:

Облыс тұрғындарының 70,8 % тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.    

Анықтама ретінде:

Облыс бойынша 9 030 контейнер орнатылған, 221 дана арнайы техника қызмет көрсетеді. 

3-ші. Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар:

Облыс бойынша барлығы 145 полигон құрылысы үшін жер учаскелері бөлініп, полигондарды экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкестендіру бағытында кезең-кезеңмен шаралар жүргізілуде.

Бүгінгі күні, облыстағы 145 полигонның 7-і (немесе 5%) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген.

Соңғы 3 жылда облыста 1,4 млрд. теңгеге жаңадан 2 тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының (Қызылорда, Арал қалалары) құрылысы жүргізілсе, соның 650 млн. теңгесі жеке инвестордың қаржысы есебінен жүзеге асты. 

Ағымдағы жылы 3 ауданда (Жалағаш, Сырдария және Шиелі) жаңа полигондардың құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп қазіргі уақытта жобалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Аталған жобалардың жалпы құны 901,6 млн. теңге құрайды (Жалағаш -342,8 млн., Сырдария 223,8 млн. және Шиелі-335,0 млн.). Полигондардың құрлыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр.

Дата публикации
24 января 2022
Дата обновления
24 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы