ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ:
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі
6,5 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,5 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 89% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.
Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 562 қызметкерлер жұмыс жасауда.
2021 жылдың көктем айында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1 000 га (1 800 мың дана) сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет Басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың күз айында теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың га сексеуіл егу жұмыстары жүргізілді.
Орман молықтыру және көгалдандыру жұмыстарына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін 114 га орман тұқымбақтары ұйымдастырылды.
Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 594,1 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары жоспарланып, есептік кезеңде толық орындалды. Нәтижесінде 11,1 мың га ауру ошақтары анықталды.
2020 жылы зақымдалған 6 160,5 га сексеуіл алқабына республикалық бюджеттен бөлінген 60 млн. теңгеге екі рет (12 321 га) химиялық заласыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 641 адамға (орман билеті-640 дана, ағаш кесу билеті-1 дана) берілді.
2020 жылдың маусым айынан бастап 7 орман (Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) мекемесіне қарасты 5,2 млн. га орман қоры жерлеріне далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілсе, 2021 жылы қалған 2 орман (Қармақшы, Қызылорда) мекемелерінің 1,4 млн. га орман қоры жерлеріне маусым айынан басталып, бүгінгі күні, толық аяқталды.
Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында
267 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 37 жағдайы анықталды.
Табиғатқа 308,6 мың теңге зиян келтіріліп, оның 243,1 мың теңгесі өндірілді. 259,6 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (31.03.2021 жылғы №27-5-6/48) бұйрығымен Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымы 1 сәуірден басталып, 15 қарашада аяқталды.
2021 жылғы 16 наурызда 2021 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі
іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылды.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі (биылғы жылы облыстық бюджеттен 2 дана өрт сөндіру автокөлігі алынды) мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Өрт қауіпті учаскелерде 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және
3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.
Жыл басынан бастап елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге 2 610 дана ескерту хаттар таратылып, 265 рет түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарына 29 рет мақалалар жарияланды.
Облыс бойынша 2021 жылы өрт қауіпі бар маусымы басталғаннан бері жалпы көлемі 649,34 гектарды құрайтын 12 орман өрт дерегі тіркелді. Оның ішінде орманды алқап 219 га болса, ормансыз алқап 430,34 га.
Орын алған өрт жағдайынан табиғатқа келген залалдың көлемі 100,7 мың теңге құрайды. Оның ішінде, орман өртіне кінәлі 2 тұлға (Қазалы) анықталып, оларға
43,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді.
Қалған 9 өрт жағдайы бойынша шығу себебі мен кінәлі тұлғаны анықтау мақсатында жинақталған тиісті материалдар қалалық және аудандық полиция бөліміне жолданды.