Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 12 айында атқарылған жұмыстар

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі мен 207 көл тізімге алынған.

Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 185 көл конкурстық негізде 5-10 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 22-і (Қызылорда-2, Арал-2, Қазалы-3, Жалағаш-3, Сырдария-1, Шиелі-9, Жаңақорған-2) резервтік қорда.

Облыста 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасайды, олардың жылдық қуаттылығы 12,5 мың.тонна. Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Балықтың 14 түрі экспортталады.

Балық аулау лимиті:

01.07.2020 – 30.06.2021 жылы мерзім аралығына облысқа  Ауыл шаруашылығы министрілігімен 7501,9 тонна балық аулау лимиті бекітілді, оның 6872,41 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде.

01.07.2021-30.06.2022 жыл аралығында облысқа 7982,8 тонна балық аулау лимиті бекітілді, оның 6937,43 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде.

Бүгінгі күні, облыс аумағынан балық өнімдерінің 18 түрі ауланады.

Балық аулау:

2020 жылы 8855 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке
134 млн.теңге қаржы түсірілді.

2021 жылы 7364 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке
152 млн.теңге қаржы түсірілді.

Балық өңдеу және балық өнімдерінің экспорты:

2020 жылы 4303 тонна балық өнімдері экспортталды.

2021 жылы 3911 тонна балық шет елдерге экспортталды (Ресей – 2927,5 тн, Польша – 275,4 тн, Литва – 145,9 тн, Нидерланды – 31,7 тн, Грузия – 246,7 тн, Германия –192,9 тн, Украина – 39,9 тн, Қырғызстан – 2,0 тн, Австрия – 20 тн, Әзірбайжан – 20 тн ).

Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны экспортталады.

Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:

2017 жылдан 2020 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 535 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды және оның көлемі 16 пайызға артты (130 тоннадан 155 тоннаға).

Облысымызда көл-тауарлы балық шаруашылықтармен 2021 жылы көл-тауарлы балық көлемі 184 тоннаға жетті.

Ағымдағы жылы облыстық бюджет (30,6 млн.теңге) есебінен балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына шарбақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін барлығы 51 ғылыми-биологиялық негіздеме (39 КТБШ – 22,8 млн. теңге және 12 ШБШ – 7,8 млн.теңге)  әзірленді. КТБШ-ге ауыстырылатын су айдындарға 15.12.2021 жылы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынды және биологиялық негіздемелер табиғат пайдаланушыларға таратылуда. Табиғат пайдаланушылар тарапынан қала және аудандардың әкімшіліктеріне құжаттар ұсынылып, Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен конкурстық комиссияға ұсынылуда.

Сонымен қатар, 7 балық шаруашылығы су айдындарына паспорттау (2,45 млн.теңге) жұмыстары жүргізілді және 19 көлді тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында, гидротехникалық құрылыстар салудың жобалау құжаттары әзірленуде (16,2 млн.теңге).

Балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың
30%-ын субсидиялау көлемі 8,4 млн.теңгеге ұлғайтылып 5,46 млн.теңгесі игерілді («Ислам» ШҚ.)

Жануарлар дүниесі:

Қызылорда облысы аумағында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын
41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 24 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бектіліп берілді, 17 аңшылық алқап резервте тұр.

2021 жылы басқарманың әзірленуімен «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы толық аяқталып, іске қосылды.

 2021 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне биотехникалық іс-шараларды жүзеге асыруға 1,4 млн. теңге қаржы бөлінді.

Аталған қаржыға, жануарларды қысқы уақытта қосымша азықтандыру мақсатында жем-шөп шашу, асту аншлаг орналастыру, тұз шашу, және жабайы жануарлардың санағын жүргізу жұмыстары атқарылды.

2021 жылға жыртықш аңдардың санын реттеу мақсатында 75 қасқыр, 869 шибөрі атылды.

Дата публикации
24 января 2022
Дата обновления
24 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы