Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 12 айында атқарылған жұмыстар

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 224 (372 нысан) су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.

Ағымдағы жылы 10 каналға (Қызылорда қаласында «Жаппар», «Сол тармақ»,  Арал ауданы, Ақирек ауылдық округіндегі «Шолақарық», Қазалы ауданында «1-5Д», Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округіндегі «Пітеген арық», Жаңадария ауылдық округіндегі «Мүлкілән», Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округіндегі «Қарақ» және «Қоңыраулы» учаскелері, Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2», Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-3», Қыркеңсе ауылдық округіндегі «Қыркеңсе») су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге 429,4 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы жұмыстардың нәтижесімен барлығы, ұзындығы 69,0 шақырым  канал тазаланып, олардың бойындағы 28 дана гидротехникалық құрылыстар салынды.

Нәтижесінде, елді мекендер аяқ сумен толық қамтамасыз етіліп, 1799 гектар түрлі бау-бақша, көкөніс дақылдарын егуге және 3090 гектар жайылымдық, шабындық жерлермен егістік жерлерді суландыруға жағдай жасалды.

Сонымен бірге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, 43 дана насос қондырғысы облыстық бюджеттен сатып алынды (Арал ауданының Ақирек, Бекбауыл, Жаңақұрылыс, Қазалы ауданының Аранды, Арықбалық, Қармақшы ауданының Ақжар, Көмекбаев,  Жалағаш ауданының Жаңаталап, Шаменов, Аққұм, Сырдария ауданының С. Сейфуллин, Бесарық, Жетікөл, Шиелі ауданының Керделі, Тартоғай, Ақмая, Талаптан, Жаңақорған ауданының Қожамберді, Байкенже, Сүттіқұдық, Төменарық, Екпінді, Қызылорда қаласының Қосшыңырау, Қызылжарма, Белкөл, Қызылөзек, Қарауылтөбе  ауылдық округтеріне және «Табиғат» кәсіпорны).

Суармалы жерлерді қалпына келтіру және айналымға қосу бойынша 161 млрд. теңгеге 3 (үш) жоба әзірленген. Олар, пайдаланылмай тұрған  29 мың гектар суармалы жерлерді айналымға қосу және 158 мың гектар суармалы егістіктегі ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру (ПУИД-2, ПУИД-3) жобалары.

Соның ішінде, 2019 жылдан бастап ПУИД-2 жобасы аясында Жалағаш ауданында (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң, Мәдениет а.о)  15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге. Аталған жоба бойынша 2019-2020 жылдары бөлінген 3,1 млрд.теңгеге 2 868,3 шақырым су жүйелерінің 441 шақырымы (15,3%) тазаланып, 14 535 дана су құрылыстарының 2555-і (18%) салынды. 2021 жылы құрылыс жұмыстарына 1,5 млрд. теңге бөлініп, 1011 шақырым (74  %) су жүйелері, 299,7 шақырым (91%) қашыртқы жүйелері тазаланып, 4994 дана (34 %) су құрылыстары, 39 дана (26%) бақылау ұңғымалары салынды.

Жалпы бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда, инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жерлердің 80% қалпына келтіріліп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізетін болады.

«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін Қызылорда облысының аумағында 21 каналды қайта жаңарту, сондай-ақ 30 магистралды және шаруашылық каналдарды цифрландыру бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

2025 жылға дейін суармалы алқаптарда су үнемдеу технологияларын енгізу жөнінде Қызылорда облысының Жол картасы бекітілді. Бүгінгі күні облыста 251 гектар жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі қолданылса, Жол картасы аясында 2025 жылға дейін 45 мың гектар жерге ылғал үнемдеу әдісін қолдану жоспарлануда.

Дүниежүзілік банк  «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының техника-экономикалық негіздемесін әзірлеуге 1,5 млн. АҚШ доллар грант бөліп,  2021 жылдың 1 шілдесінде Халықаралық консультанттық  «Yekom Consulting Engineers» компаниясымен жобаның ТЭН-ін әзірлеуді бастау туралы келісім шартқа қол қойылды. Гранттың жабылу мерзімі 2022 жылғы шілде.

Қазіргі таңда, жобаның ТЭН-ін әзірлеу мақсатында іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
24 января 2022
Дата обновления
24 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы