https://www.youtube.com/watch?v=aqkSeIMh1OA&feature=youtu.be
| Орналастыру күні | Хабарландыру |
| 14.01.2022 ж |
«Орман қоры жерi санатынан орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығына сәйкес, Жаңақорған кенті мен Ызғар елді мекені аралығын біріктіру мақсатында мемлекеттік орман қоры жері санатынан босалқы жер санатына жер учаскесін ауыстыру жөнінде ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар 2022 жылғы 17 ақпанда сағат 11:00-де Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, А.Иманов көшесі №171 мекенжайда орналасқан «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында өтетіндігін хабарлаймыз. Жобалық құжаттар пакетімен біріңғай экологиялық порталда танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстар https://ecoportal.kz/ біріңғай экологиялық порталында қоғамдық тыңдаулар өтетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданады. Төтенше жағдай немесе шектеу шаралары, оның ішінде карантиндік, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде өткізіледі. Шақыру сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/5280664063?pwd=QjROTVBaL0Z3bkRmOEVySXY3Yk90Zz09 Конференция идентификаторы: 528 066 4063 Кіру коды: 1234 Қосымша ақпаратты Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі №44 және 8 (72435) 21278 телефоны арқылы алуға болады. |
| Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі ашық парағы | |
| Толтырылған мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парақтары | |
| https://www.youtube.com/watch?v=aqkSeIMh1OA&feature=youtu.be | |
| 21.02.2022 | Ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдау хаттамасы Хаттамасы |