Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2019 жылдың ІV тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарған жұмыстары жайлы ақпараты
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 1171 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылуда.
Басқарма қызметкерлеріне жыл басынан бері әр бағытта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда тұраұты түрде семинар- отырыстар, жиналыстар өткізілді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Рспубликасының 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңының 8 бабының 5-тармағына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаланына" сәйкес басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне олардың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша 2019 жылдың I және II жартыжылдығы кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді және талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілер анықталған жоқ.
Бүгінгі күні басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.
ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар" тақырыбында басқарманың және басқармаға бағынысты мекеменің қызметкерлеріне семинар ұйымдастырылу жоспарлануда.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алу мақсатында, мекеменің қызметкерлері арасында олардың құқықтары мен негізгі міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады.