Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 8 айында атқарылған жұмыстар

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі
6,5 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,4 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 89% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.

Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 562 қызметкерлер жұмыс жасауда.

2021 жылы ормандарды молықтыру жұмыстары 14,3 мың га жерге жүргізіледі. Оның ішінде 3,0 мың гектар Арал теңізінің құрғаған ұлтанында атқарылады.

Қазіргі таңда жоспарланған көлемнің 1 000 га жеріне сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізілді. Қалған 13,3 мың га агротехникалық талаптарына сәйкес күз айында сексеуіл тұқымдары себілетін болады.

Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 297,0 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 6 542 га ауру ошақтары анықталды.

2020 жылы зақымдалған 12 мың га сексеуіл алқабына республикалық бюджет есебінен химиялық заласыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 583 адамға (орман билеті-582 дана, ағаш кесу билеті-1 дана)берілді.

2020 жылдың маусым айынан бастап 7 орман (Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) мекемесіне қарасты 5,2 млн. га орман қоры жерлеріне далалық орман орналастыру жұмыстары жүргізілсе, ал 2021 жылы қалған 2 орман (Қармақшы, Қызылорда) мекемелерінің 1,4 млн. га орман қоры жерлеріне маусым айынан бастап жүргізілуде.

Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында
128 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 24 жағдайы анықталды.

Анықтама ретінде:1 жағдайы заңсыз сексеуіл кескені үшін, 2 жағдайы заңсыз жиде шапқаны үшін; 5 жағдай арнаулы белгілерді жойғаны үшін; 12 жағдайы тұрмыстық қалдықпен ластағаны үшін; 4 жағдайы орман қоры жеріне заңсыз мал жайғаны үшін.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (31.03.2021 жылғы №27-5-6/48) бұйрығымен Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымы 1 сәуірден басталды.

2021 жылғы 16 наурызда 2021 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі
іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі (биылғы жылы облыстық бюджеттен 2 дана өрт сөндіру автокөлігі алынды)мен 53 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.

Өрт қауіпті учаскелерде 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және
3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілуде.

Жыл басынан бастап елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге 2 472 дана ескерту хаттар таратылып, 229 рет түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарына 21 рет мақалалар жарияланды.

Облыс бойынша 2021 жылы өрт қауіпі бар маусымы басталғаннан бері жалпы көлемі 580,49 гектарды құрайтын 11 орман өрт дерегі тіркелді. Оның ішінде орманды алқап 219 га болса, ормансыз алқап 361,49 га.

Орын алған өрт жағдайынан табиғатқа келген залалдың көлемі 100,7 мың теңге құрайды. Оның ішінде, орман өртіне кінәлі 2 тұлға (Қазалы) анықталып, оларға
43,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

Қалған 9 өрт жағдайы бойынша шығу себебі мен кінәлі тұлғаны анықтау мақсатында жинақталған тиісті материалдар қалалық және аудандық полиция бөліміне жолданды.

            Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында алдағы
5 жыл ішінде, орман қорында 2 млрд. және елді мекендерде 15 млн.  ағаш отырғызу тапсырмасы берілген болатын.

         Орман қорында 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы аясында алдағы жылдары Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 401,8 мың га жерге 328,3 млн. дана сексеуіл отырғызу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Арал теңізінің құрғаған ұлтанына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін орман тұқымбақтарының көлемі 22,6 гектардан 100 гектарға ұлғайтылуда.

         Елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызу бойынша Қызылорда облысының елді мекендерін көгалдандырудың және жасыл аймақтар құрудың 2021-2025 жылдарға арналған өңіраралық жоспары Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне келісімдеуге бірнеше рет ұсынылды (22.01.2021ж.
№4434-Д/06-4//44, 16.03.2021ж. №06-4/1397, 16.04.2021ж. №06-4/2006, 17.05.2021ж.
№06-4/2564)
.

Жалпы өңіраралық жоспар аясында облыс бойынша 2021-2025 жылдар ішінде елді мекендерде 387,3 гектар жерде 960,1 мың дана ағаш отырғызу жоспарланып отыр.Осы жоспарға сәйкес, 2021 жылы 101653 дана ағаш көшеттерін егу жоспарланып, қала және аудан әкімдіктерінің мәліметі бойынша 97153 дана ағаш көшеттері егілген.

(Анықтама ретінде: Қызылорда қаласы-22500, Арал-6401, Қазалы-12390, Қармақшы-11608, Жалағаш-4648, Сырдария-5050, Шиелі -16400, Жаңақорған-18156).

Қызылорда қаласы қалған 4500 дана көшеттерін күзде егуді жоспарлап отыр.

Дата публикации
30 сентября 2021
Дата обновления
30 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы