СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:
Үстіміздегі жылғы 24 сәуірде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыстың су шаруашылығы жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, «Көкарал бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» және «Қызылорда облысы Қараөзек тармағында су жинақтауға арналған су қоймасын салу» жобаларын2021 жылы бастау, «Жаңақорған ауданы Келінтөбе магистральды каналының тұсында су торабын салу», «Арал ауданындағы Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін суландыру үшін Аманөткел ауылының тұсында су торабын салу» жобаларының техникалық-экономикалық негіздемелерін ағымдағы жылы әзірлеу мәселесі келісілді.
Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 219 (372 нысан)су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.
Ағымдағы жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында
69 шақырым болатын 10 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп (527,4 млн. теңге) жұмыстар атқарылуда.
Анықтама ретінде
Қызылорда қаласындағы «Жаппар», Арал ауданы Ақирек ауылдық округіндегі «Шолақарық», Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округіндегі «Пітеген арық»,Жаңадария ауылдық округіндегі «Мүлкілән», Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық окрігендегі «Қарақ» және «Қоңыраулы» учаскелері, Жаңақорған ауданы Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2», Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-3»,Қыркеңсе ауылдық округіндегі «Қыркеңсе», Қызылорда қаласындағы Оң жаға магистралды каналының «Сол тармақ» каналы,Сырдария өзеніне коллекторлық-дренаждық суларды ағызу үшін Қазалы ауданының пайдалануындағы 1-5Д коллекторын реконструкциялау.
Сонымен бірге, облыстық бюджеттен елді мекендерге 43 дана насос қондырғылары сатып алу белгіленіп, соның бүгінгі күнге 38-і (Арал-4, Қазалы-2, Қармақшы-2, Жалағаш-4, Сырдария-3, Шиелі-3, Жаңақорған-7, Қызылорда қаласы-8) жеткізілді.
Су тапшылығын алдын алу үшін республикалық бюджет есебінен
65 шақырым болатын 10 каналға тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай ақ, стратегиялық маңызды «Әйтек» және «Қызылорда» су тораптарына жөндеу жұмыстары жалғасуда.