БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі мен 207 көл тізімге алынған.
Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 178 көл конкурстық негізде
5-10 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 29-і (Арал-5, Қазалы-3, Қармақшы-2, Жалағаш-3, Сырдария-2, Шиелі-12, Жаңақорған-2) резервтік қорда.
Облыста 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасайды,олардың жылдық қуаттылығы 12,5 мың.тонна. Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Балықтың 14 түрі экспортталады.
Балық аулау лимиті:
01.07.2020 – 30.06.2021 жылы мерзім аралығына облысқа Ауыл шаруашылығы министрілігімен 7501,9 тонна балық аулау лимиті бекітілді, оның 6872,41 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде.
01.07.2021-30.06.2022 жыл аралығында облысқа 7982,8 тонна балық аулау лимиті бекітілді, оның 6937,43 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде.
Бүгінгі күні, облыс аумағынан балық өнімдерінің 18 түрі ауланады.
Балық аулау:
2020 жылы 8855 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке
134 млн.теңге қаржы түсірілді.
2021 жылдың 8 айында 5388 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке
94 млн.теңге қаржы түсірілді.
Балық өңдеу және балық өнімдерінің экспорты:
2020 жылы 4303 тонна балық өнімдері экспортталды. 2021 жылдың
8 айында 2811,2 тонна (2020 жылдың 8 айында 3013 тонна) балық шет елдерге экспортталды (Ресей – 2221,8 тн, Польша – 97,2 тн, Литва – 164,18 тн, Нидерланды –31,2 тн, Грузия – 187 тн, Германия – 87,804 тн, Украина – 20 тн,Қырғызстан -2,0 тн ).
Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны экспортталады.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
2017 жылдан 2020 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 535 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды және оның көлемі 16 пайызға артты (130 тоннадан 155 тоннаға).
Облысымызда 23 көл-тауарлы балық шаруашылықтары жұмыс жасауда,
2019 жылы олардың саны 10 болса, 2020 жылы олардың саны 20-ға жетті.
2021 жылы көл-тауарлы балық көлемі 180 тоннаға және балық өсіретін шаруашылықтар саны 23-тен 30-ға жеткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы облыстық бюджет (57,6 млн.теңге) есебінен балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына шарбақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін барлығы 51 ғылыми-биологиялық негіздеме,
19 көлді тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында, гидротехникалық құрылыстар салудың жобалау құжаттары әзірлеу және 7 балық шаруашылығы су айдындарына паспорттау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу жарияланды.
Сонымен бірге, балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялау көлемі 4,2 млн.теңгеден («Ислам» ШҚ, «Ғабит» ШҚ) 8,4 млн.теңгеге ұлғайтылды.