Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 6 айында атқарылған жұмыстар

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БОЙЫНША:

«Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағытында облыста негізгі 3 нысаналы индикатор бойынша жұмыстар атқарылуда.

1-ші.  Қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру:      

Жалпы облыс аумағында әр түрлі қалдықтарды тасымалдау, жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 15 тен астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды.

2021 жылдың 6 айында  жинақталған 58,0 мың тонна қалдықтардың 11,3 мың тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 19,5 % құрады.  

Қазіргі таңда, «Smart Rubber» (Смарт Раббер) ЖШС-і автокөліктердің жарамсыз дөңгелектерінен резеңке ұнтақтары мен тамшылатып суаруға арналған түтіктерін, «Қызылорда Қағазы» ЖШС-і күнделікті тұрмыста қолданатын әжетхана қағазын жасап шығарса, «ДаЖаЕр» ЖШС «жеке кәсіпкерлік субъектілері макулатура, қартон, пластмасса, пластик қалдықтарын сұрыптап, жинақтау жұмыстарын жүзеге асыруда.

2-ші. Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен  қамту:

Облыс тұрғындарының 70,8 % қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. (облыс халқы – 801 мыңнан астам).

3-ші. Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар:

Облыста 145 полигон болса, оның 7-еуі экологиялық талаптарға сәйкестендірілген. (Пайыздық үлесі- 4,82%)

Полигондарды экологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында

Жалағаш, Шиелі аудандары тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыптайтын полигон құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (Анықтама ретінде: Шиелі кенті  – 10,0 млн.тг, Жалағаш кенті – 5,0 млн.тг).

Жаңақорған кенті Ызғар елді мекенінде 20 га жер бөлінді. Қазіргі таңда, техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге жергілікті бюджеттен 7,1 млн. теңге бөлініп, конкурс өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңақорған кентінде қалдықтарды орналастыру полигоны мен сұрыптау кешеніне арналған жер учаскесі белгіленіп, техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге жергілікті бюджеттен 7,1 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Арал қаласындағы полигон құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны – 179,5 млн.тг. (ОБ бөлінгені - 156,9 млн.теңге млн. теңге). Полигонның жылдық қуаттылығы - 37,8 мың тонна. Жер учаскесінің көлемі: 6,2 гектар. Арал қаласынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигон құрылысының жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд.теңге.  Жаңа полигон Белкөл кентінен 4 шақырымда орналасқан, көлемі 20,0 га. Кешеннің қуаттылығы: Жылына 60 мың тонна қалдық сұрыпталады. Қосымша жұмыс орнымен  - 40 адам қамтылып, Кешен іске қосылды.

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы