Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 6 айында атқарылған жұмыстар

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Сырдария өзенінің ағысын реттейтін Нарын-Сырдария су қоймаларындағы (Тоқтағұл, Әндіжан, Қайраққұм, Шарбақ) 29.06.2021 жылғы ақпарат бойынша су көлемі 20596 млн. м3 құрап, өткен жылдан 2101  млн. м3 метрге кем болып отыр.

Облыс әкімдігімен экология, геология және табиғи ресурстары министрлігіне Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің өкілдерімен су жіберу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу қажеттігі жөнінде ұсыныстар берілді.

Үстіміздегі жылғы 24 сәуірде Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М.Мырзағалиевтің Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында облыстың су шаруашылығы жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. 

Атап айтқанда,  «Көкарал бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» және «Қызылорда облысы Қараөзек тармағында су жинақтауға арналған су қоймасын салу» жобаларын2021 жылы бастау, «Жаңақорған ауданы Келінтөбе магистральды каналының тұсында су торабын салу», «Арал ауданындағы Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін суландыру үшін Аманөткел ауылының тұсында су торабын салу» жобаларының  техникалық-экономикалық негіздемелерін ағымдағы жылы әзірлеу мәселесі келісілді.

Үстіміздегі вегетациялық кезеңде су тапшылығы күтілуіне байланысты ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар  министрлігі Су ресурстары комитеті мен Қызылорда облысы әкімдігінің "Қызылорда облысында вегетациялық кезеңде су тапшылының алдын алу бойынша атқарылатын бірлескен іс шаралар жоспары"  бекітілді.  Сонымен бірге, су тапшылығы жағдайында каналдар арқылы су алу режимдерінің кестеге сай орындалуына мониторинг жүргізетін  жұмысшы тобы құрылып, жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 219 (372 нысан)су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.

Ағымдағы жылы елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында  45 шақырым болатын 8 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп (467,4 млн. теңге)жұмыстар атқарылуда.

Анықтама ретінде

Қызылорда қаласындағы «Жаппар», Арал ауданы Ақирек ауылдық округіндегі «Шолақарық», Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округіндегі «Пітеген арық»,Жаңадария ауылдық округіндегі «Мүлкілән», Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық окрігендегі «Қарақ» және «Қоңыраулы» учаскелері, Жаңақорған ауданы Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2», Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-3»,Қыркеңсе ауылдық округіндегі «Қыркеңсе» каналдары.

Сонымен бірге, облыстық бюджеттен елді мекендерге 43 дана насос қондырғылары сатып алу белгіленіп, соның бүгінгі күнге 28-і жеткізілді.

Су тапшылығын алдын алу үшін республикалық бюджет есебінен 65 шақырым болатын 10 каналға тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай ақ, стратегиялық маңызды «Әйтек» және «Қызылорда» су тораптарына жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы