БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі мен 207 көл тізімге алынған.
Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 180 көл конкурстық негізде
5-10 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 27-і (Арал-4, Қазалы-3, Қармақшы-2, Жалағаш-3, Сырдария-1, Шиелі-12, Жаңақорған-2) резервтік қорда.
Облыста 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасайды,олардың жылдық қуаттылығы 12,5 мың.тонна. Оның 4-уінде «Еврокод» Еуропалық сапа стандартына растайтын белгісі бар. Балықтың 14 түрі экспортталады.
Балық аулау лимиті:
01.07.2020 – 30.06.2021 жылы мерзім аралығына облысқа Ауыл шаруашылығы министрілігімен 7501,9 тонна балық аулау лимиті бекітілді, оның 6872,41 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде.
01.07.2021-30.06.2022 жыл аралығында облысқа 7949,15 тонна балық аулау лимиті бекітілді, оның 6937,43 тоннасы Кіші Арал теңізінің үлесінде.
Бүгінгі күні, облыс аумағынан балық өнімдерінің 18 түрі ауланады.
Балық аулау:
2020 жылы 8855 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 134 млн.теңге қаржы түсірілді.
2021 жылдың 6 айында 5301 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 75 млн.теңге қаржы түсірілді.
Балық өңдеу және балық өнімдерінің экспорты:
2020 жылы 4303 тонна балық өнімдері экспортталды. 2021 жылдың 6 айында 2037 тонна (2020 жылдың 6 айында 2497 тонна) балық шет елдерге экспортталды (Ресей – 1643,7 тн, Польша – 97,2 тн, Литва – 65,3 тн, Нидерланды – 15,5тн, Грузия – 200 тн, Германия – 15,2 тн).
Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылған балық және балық ұны экспортталады.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
Облысымызда 23 көл-тауарлы балық шаруашылықтары жұмыс жасауда, 2019 жылы олардың саны 10 болса, 2020 жылы олардың саны 20-ға жетті. 2017 жылдан 2020 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 535 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды және оның көлемі 16 пайызға артты (130 тоннадан 155 тоннаға).
2021 жылы тауарлы балық көлемі 172 тоннаға жетіп, өткен жылмен (2020 жылы 155 тонна) салыстырғанда 10 пайызға өседі және балық өсіретін шаруашылықтар саны 23-тен 30-ға жетеді.
Ағымдағы жылы облыстық бюджет (57,6 млн.теңге) есебінен балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына шарбақтық және көл-тауарлы балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін барлығы 51 ғылыми-биологиялық негіздеме, 19 көлді тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында, гидротехникалық құрылыстар салудың жобалау құжаттары әзірлеу және 7 балық шаруашылығы су айдындарына паспорттау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу жарияланды.
Сонымен бірге, балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялау көлемі 4,2 млн.теңгеден («Ислам» ШҚ, «Ғабит» ШҚ) 8,4 млн.теңгеге ұлғайтылды.