Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

   (2021 жылдың І-тоқсаны бойынша)

 Басқарма барлығы 4 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Атап айтқанда:

1)  «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»;

2)  «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»;

3) «Ағаш кесу және орман билетін беру»;

4) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру».

Басқармамен  2021 жылдың І-тоқсанында барлығы 688 қызмет көрсетілді және 100% электронды порталы арқылы көрсетілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бөлген кезде:

  1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №130 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.

2021 жылдың I - тоқсанында «II, III және IV санаттардағы объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі электронды үкімет порталы арқылы - 244 рұқсат берілген.

II және III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін:

1) рұқсат алуға өтінім;

2) бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;

3) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары.

IV санаттағы объектілерге рұқсат алу үшін:

1) рұқсат алуға өтінімді;

2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.

Рұқсаттарды қайта рәсімдеу үшін:

1) рұқсатты қайта ресімдеуге өтінім;

1) қайта ресімделетін эмиссияға рұқсат берілген табиғат пайдалану обектісіне (объектілеріне) қатысты оған (оларға) меншік құқығының ауысқанын растайтын құжаттың көшірмесі.

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты қарау және беру мерзімдер

II и III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде:

- өтініш тіркелкен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

- ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, өтініш тіркелкен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастырады.

IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде:

- өтініш тіркелкен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды;

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты қайта рәсімдеу кезінде:

- өтініш тіркелкен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығына тексереді;

- ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, өтінішті тіркелкен кезден бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде дайындайды;

  1. «II, III және IV санаттардағы объектiлерi үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №130 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.

2021 жылдың І-тоқсанында «II, III және IV санаттардағы объектiлерi үшiн мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі электронды үкімет порталы арқылы – 18 қорытынды берілген.

1) II және III санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама алу үшін:

-  мемлекеттік экологиялық сараптамаға өтініш;

Жобалау алдындағы құжаттама келесідей құрамда ұсынылса:

Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

жоспарланатын іс-әрекеттің қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен (бұдан әрі - ҚОӘБ) жобалау алдындағы құжаттамасы, әзірлеу деңгейі жобалау кезеңдеріне сәйкес келетін құжат түрінде ресімделеді;

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлеген қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуі мүмкін ҚР нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік техникалық және нұсқаулық құжаттардың жобалары кезінде:

ҚР нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік техникалық және нұсқаулық құжаттардың жобалары;

2) бір өтінім негізінде II және III санаттағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір уақытта мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу үшін:

II және III санаттағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір мезгілде қоршаған ортаға әсерді бағалауға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінім;

қоршаған ортаға әсер ететін, жоспарланған қызметтің жобалық құжаттамасы мынадай құрамда:

Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары;

әзірлеу деңгейі жобалау кезеңдеріне сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге жобалық құжаттама;

нормативтік эмиссиялар жобалары болған жағдайда мынадай құрамда:

нормативтік эмиссиялар жобалары;

қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары;

3) бір өтінім негізінде IV санаттағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір уақытта мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу үшін:

- IV санаттағы объектілерге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатпен бір мезгілде қоршаған ортаға әсерді бағалауға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу туралы өтінім;

қоршаған ортаға әсер ететін, жоспарланған қызметтің жобалық құжаттамасы мынадай құрамда:

Кодекстің 57-2-бабының 1-тармағына сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

әзірлеу деңгейі жобалау кезеңдеріне сәйкес келетін құжат түрінде ресімделген ҚОӘБ материалдарымен бірге жобалық құжаттама;

нормативтік эмиссиялар жобалары болған жағдайда мынадай құрамда:

нормативтік эмиссиялар жобалары.

Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мерзімдері

II санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні;

III және ІV санаттардағы объектілер үшін он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

II, III және IV санаттардағы мемлекеттік экологиялық сараптама объектілері үшін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беретін орган құжаттарды олардың толықтығы тұрғысынан қарайды.

  1. «Ағаш кесу және орман билетін беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18-02/40 «Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет қала және аудан орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелері арқылы көрсетіледі.

«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2021 жылдың I тоқсанында бойынша - 361  адамға (ағаш кесу билеті-1, орман билеті-360) көрсетілді.

«Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18-02/40 бұйрығына сәйкес өтініш береді.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күн.

  1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі – «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы негізінде жүзеге асыралады.

2021 жылдың І тоқсанында - 65 қызметтер балық аулауға рұқсат алу бойынша көрсетілді және 100% электронды порталы арқылы көрсетілген.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 3 (үш) жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:     

1) аң аулауға (алғаш рет жүгінген кезде):

жануарлар дүниесі объектілерін алып қою шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің шетелдіктермен аң аулауды ұйымдастыруға арналған шартының электрондық көшірмесі;

2) ғылыми-зерттеу үшін аулауға:

бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстарды жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;

жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың болжамды көлемін негіздейтін есептердің электрондық көшірмесі;

бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есептің электрондық көшірмесі (берілген рұқсаттар жағдайында);

3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

балық ресурстарын молайтуға мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында аулау жағдайларын қоспағанда, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында пайдалануға;

індет мониторингінен басқа, бейіндеуші ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан үзіндінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмесі;

індетті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасында жануарлар аурулары індетінің мониторингі үшін ветеринария саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік ветеринариялық ұйымының жыл сайынғы жұмыс жоспарының электрондық көшірмесі;

жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

5) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюды негіздейтін материалдардың электрондық көшірмесі (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме) беріледі.

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы