Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША:

Суармалы жерлер бойынша:

Облыста 158 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу жөніндегі, жалпы құны 161 млрд. теңгені  құрайтын 3 (үш) жоба бар. 

 (Анықтама ретінде:

- 15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша (9,3 млрд. теңге);

- 143 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша (138,3 млрд. теңге);

- 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы (13,4 млрд.теңге).

ПУИД-2 жобасына Жалағаш ауданының  Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтеріндегі 15,1 мың гектар суармалы жерлері енгізілген. 2018 жылғы 31 қарашада ҚР АШМ халықаралық қағидаларға сәйкес сатып алу конкурсы жарияланып, 2019 жылдың сәуір айында Консорциум «Мелиоратор» ЖШС-і, «Казахдорстрой» ЖШС-і «Ақсу» ЖШС-і сәйкес сатып алу конкурсы жарияланып, 2019 жылдың  сәуір айында Консорциум «Мелиоратор» ЖШС-і, «Казахдорстрой» ЖШС-і, «Ақсу» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. Қаржыландыру көзі - республикалық бюджет 70%, Дүниежүзілік банк 30%. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге.

ПУИД-2 жобасы бойынша су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары басталып, жоба бойынша 2019 жылы бөлінген 879 млн.теңге қаржыға
1 755 шақырым су жүйелерінің 241 шақырымы (13,7%) тазаланып, 14516 дана су құрылыстарының 481-і (3,3%) салынды.

2020 жылы жобаны жалғастыруға 2,226 млрд.теңге бөлініп, 1113,3 шақырым (63,4%) су жүйелері тазаланып, 2074 дана (14,3 %) су құрылыстары салынды.

2021 жылы 3,4 млрд.теңгені игеру жоспарлануда, соның ішінде бүгінгі күні 251 млн.теңге қаржы игеріліп, 1245,4 шақырым (71%) су жүйелері тазаланып, 3311 дана (22,8 %) су құрылыстары салынды.

ПУИД-3 жобасына 143 мың гектар жер енгізілген. 2018-2020 жылдары құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен аудандар мен  қала бюджетіне (Арал ауданынан басқа) 796 млн.теңге ағымдағы трансферт бөлініп (оның 148,4 млн. теңгесі үнемделген), Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы бойынша құжаттандыру жұмыстары аяқталды.

Дегенмен, ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жоғарыда көрсетілген су нысандарын меншігіне қабылдау үшін келісім бермей келеді.

29 мың га суармалы жерлерді айналымға қосу жобасына  енген су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 2017-2018 жылдары облыстық бюджеттен 425 млн. теңге бөлініп, құжаттандыру жұмыстары аяқталып, су нысандары республикалық меншікке өткізілді.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің тапсырысы бойынша "Суармалы жерлер үшін ирригациялық жүйелерді жаңғырту (модернизация)" жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жобаны іске асыру мәселесі шешімін таппауда.

 

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету:

Бүгінгі күні, облыстық коммуналдық меншікке 219(372 нысан)су шаруашылығы нысандары алынған. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда.

Ағымдағы жылы 6 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді (437,2 млн. теңге).

Атап айтқанда: Қызылорда қаласындағы «Жаппар» каналы, Арал ауданы Ақирек ауылдық округіндегі «Шолақарық» каналы, Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округіндегі «Пітеген арық» каналы, Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық окрігендегі «Қарақ» және «Қоңыраулы» учаскелері, Жаңақорған ауданы Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2» және Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-3» каналдары.

Сонымен бірге, елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, облыстық бюджеттен 43 дана насос қондырғысы:

Атап айтқанда, Қызылорда қаласының Қызылөзек, Қарауылтөбе ауылдық округтерінежәне Қосшыңырау ауылдық округіндегі «Байқадам», Жаппар», «Ешпан», «Алтынбай», Қызылжарма ауылдық округіндегі «Қызылжарма», Белкөл кентіндегі «Бозбай» каналдарына, Арал ауданының «Ақирек», Бекбауыл», Жаңақұрылыс» ауылдық округтеріне, Қазалы ауданының «Аранды», «Арықбалық»ауылдық округтеріне, Қармақшы ауданының «Ақжар», «Көмекбаев»ауылдық округтеріне, Жалағаш ауданының «Жаңаталап», «Шаменов», «Аққұм» ауылдық округтеріне, Сырдария ауданының С.Сейфуллин ауылдық округіндегі «Құрымбек», Бесарық ауылдық округіндегі «Қосарық», Жетікөл ауылдық округіндегі «Жыңғылдыкөл» және «Хозцентр» каналдарына, Шиелі ауданының Керделі ауылдық округіндегі «Нартай» және «Керделі», Тартоғай ауылдық округіндегі «Балтабай», Ақмая ауылдық округіндегі «Р-3-1»және «Р-3-2», Талаптан ауылдық округіндегі «Арын» каналдарына, Жаңақорған ауданының Төменарық ауылдық округіндегі «Левая ветка», Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2», Байкенже ауылдық округіндегі «Дөңбай», Сүттіқұдық ауылдық округіндегі «Шілдекі», Екпінді ауылдық округіндегі «Ақбастау» каналдарына және Табиғат кәсіпорнына насос қондырғылары сатып алынатын болады.

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы