БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:
Елбасының бастамасымен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жөнінде жобаның нәтижесінде, Арал өңірінің ата кәсібі - балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуда.
Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі мен 207 көл тізімге алынған.
Қазіргі таңда, 28 көл (Аралда - 4, Қазалыда - 3, Қармақшыда - 2, Жалағашта - 3, Сырдария – 1, Шиеліде - 12, Жаңақорғанда - 3) резервте тұр.
Бүгінгі күні, облыс аумағында 18 балық түрі аулануда.
Облыста жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда.
4 зауытта Еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын «Еврокод» саны бар (олар, жеке кәсіпкер "Игликов", "СПК Қызылорда балық", "Арал СДО", "Арал балық өңдеу зауыты" ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары).
2020 жылдың 12 айында облыста 8 855 тонна балық ауланды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен (2019 жылдың 12 айы - 8042 тонна) салыстырғанда 9 пайызға көбейіп отыр.
2021 жылдың 3 айында 1393 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 39 млн. теңге қаржы түсірілді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 12 айында 4 302,9 тонна балық өнімдері 9 шет мемлекеттерге экспортталып, өткен жылмен (2019 жылдың 12 айы - 4220 тн.) салыстырғанда 2 пайызға өсті.
2021 жылдың 3 айында балық өнімдерінің экспортының көлемі 909 тоннаны құрады (ҚР-ның Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының мәліметіне сәйкес).
Атап айтқанда, балық өнімдері Ресей, Германия, Польша, Грузия, Литва, Қытай, Нидерланды, Чехия, Беларусь елдеріне нарыққа шығарылуда.
Негізгі экспортқа шығарылып жатқан балық түрілері тыран, торта, алабұға, шортан, аралас балық, көксерке. Олардан көксеркенің жон еті, тыранның қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі (филе), қатырылған балық және балық ұны өнімдері экспортталуда.
2020 жылы облыстағы 10 (Аралда-1, Қазалыда-2, Жалағашта-1, Сырдарияда-1, Шиеліде-3, Жаңақорғанда-2) тауарлы балық өсіретін шаруашылықтармен 155 тонна балық өсіріліп, нарыққа шығарылды (2021 жылы 179 тоннаға жеткізу жоспарлануда).
2030 жылға дейін тауарлы балық көлемін 16 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.
Бұл бойынша 2020 жылғы 30 қазанда облыс әкімдігімен балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілді.
Сонымен қатар, күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару шаралары жүргізілді.
Мәселен, 2020 жылдың тамыз айының 27-нен бастап облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралары жүргізіліп, күріштік алқаптар мен бөлектенген каналдарда қалған
8,3 млн балық шабақтары құтқарылып су айдындарына жіберілді.