Меню

Страницы

Статья

2021 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,4 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 89% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.

Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 577 қызметкерлер жұмыс жасауда.

2021 жылы ормандарды молықтыру жұмыстары 14,3 мың га жерге жүргізіледі. Оның ішінде 3,0 мың гектар Арал теңізінің құрғаған ұлтанында атқарылады.

Қазіргі таңда жоспарланған көлемнің 1 000 га жеріне сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 13,3 мың га агротехникалық талаптарына сәйкес күз айында сексеуіл тұқымдары себілетін болады.

Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 594,1 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 361 адамға (орман билеті-360 дана, ағаш кесу билеті-1 дана) берілді.

Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында
51 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 22 жағдайы анықталды.

Анықтама ретінде: 1 жағдайы заңсыз жиде шапқаны үшін; 5 жағдай арнаулы белгілерді жойғаны үшін; 11 жағдайы тұрмыстық қалдықпен ластағаны үшін; 4 жағдайы орман қоры жеріне заңсыз мал жайғаны үшін, 1 жағдай ҚР Қызыл кітабына енгізілген тораңғыл ағашын өаңсыз шапқаны үшін.

Нәтижесінде, табиғатқа келтірілген зиян 197,2 мың теңге және 121,1 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (31.03.2021 жылғы №27-5-6/48) бұйрығымен Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымы 1 сәуірден басталды.

2021 жылғы 16 наурызда 2021 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі
іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 7 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.

Биылғы жылы облыстық бюджеттен 2 дана өрт сөндіру автокөлігін (Қазалы-1, Қызылорда-1) алуға қаржы бөлінді.

Өрт қауіпті маусымға дайындық кезінде елді мекендердегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірушілері егіс алқаптарын шөптесін қалдықтарынан тазарту үшін өртеу кестелері бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Өрт қауіпті учаскелерде 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары және 3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілуде.

Жыл басынан бастап елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге 1 990 дана ескерту хаттар таратылып, 128 рет түсіндірме жұмыстары, бұқаралық ақпарат құралдарына 9 рет мақалалар жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында айтылған 5 жыл ішінде орман қоры аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді (қазіргі таңда қайта нақтылау жұмыстары жүргізілуде).

Сонымен қатар Арал теңізінің құрғаған ұлтанына қажетті сексеуіл мен саялы ағаш көшеттерін өсіретін орман тұқымбақтарының көлемі 2020 жылы - 22,6 гектардан - 80 га, 2021 жылы - 100 гектарға ұлғайтылуда.

Дата публикации
08 апреля 2021
Дата обновления
08 апреля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы