Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 23 қазандағы №62 нұсқамасына сәйкес «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының» іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Мемлекеттік аудит қорытындысымен 1 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталды. Басқарма басшысымен берілген нұсқаманың орындалғындығы жөнінде Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясына 2020 жылдың 30 қазандағы №03-16/3571 хаты жолданды.
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 03 желтоқсандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, соның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуы тиімділігіне мемлекеттік аудит» нәтижесінде бұзушылықтардың болмауына байланысты 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №110 нұсқамасының бақылаудан алынды.