| Орналастыру күні | Хабарландыру |
| 27.01.2021 ж |
«КAZ Design & Development Group LTD» ЖШС-гі «Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы "Иіркөл" кенішінің уран кен орындарының 2021 жылда геотехнологиялық полигоны объектілерін салу (құрылысы)» жұмыс жобаларына «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» материалдарын талқылау үшін қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Аталған нысандар бойынша ақпарат алуға, және өз пікірін білдіруге барлық мүдделі азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндік беріледі. Қоғамдық тыңдау өткізілетін уақыты мен орны: 2021 жылдын, 26 ақпаны, сағат 15:00, ZOOM онлайн-платформа арқылы өтеді. ZOOM - конференциясын іске қосу немесе оған кіру үшін (осы сілтемені браузердің адрестік жолағында ашу керек) - https://us04web.zoom.us/j/2173088355?pwd=OEVERnFsU2tNeFpDNm9MdVFoeVZQZz09. Конференцияның идентификаторы: 217 308 8355. Кіру коды: vppa1X Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі Жолдасбекова Аружан, байланыс тел.: 8(7242) 605369. Басқарманың ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау электронды поштасы: prd@korda.gov.kz. Материалдардың электронды нұсқасы https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat?lang=ru интернет-ресурсында орналасқан. Тапсырыс беруші: «Семизбай - U» ЖШС-ы, Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Біржан Сал көшесі, 34, тел.: +7 (717) 255-1469. Танысу үшін жобаны электрондық түрде сұратуға болатын және ескертулер мен ұсыныстар қабылданатын электрондық пошта: office@kazddg.kz. Жобаны әзірлеуші: «KAZ Design & Development Group LTD» ЖШС-ы, Алматы қ., Навои көш. 74 үй, 131 оф., тел.8 727 225 77 00 (ішкі номер - 127). |
| Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі ашық парағы | |
| Толтырылған мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парақтары | |
| 03.03.2021 ж | Ашық нысанындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы |