Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2020 жылғы 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарған жұмыстарының есебі
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) бойынша тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүргізіліп келеді.
Басқарма бойынша 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары бекітіліп, Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықты алдын алу шаралары қабылдануда.
Басқарманың барлық мемлекеттік қызметшілері мен басқармаға қарасты 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері мен «Табиғат» кәсіпорыны директорлары сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен оның жауаптылығы туралы жазбаша міндеттемелер қабылдады.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітіліп (2018 жылғы 8 қарашадағы №220-ө бұйрықпен), стандартта жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде басқарма қызметкерлерінің мінез-құлық әрекеттері нақты белгіленді.
Бекітілген стандартты жүзеге асыру мақсатында 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері мен «Табиғат» кәсіпорыны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қабылданды.
Сондай-ақ, басқарманың сенім телефондары, басқарма басшылығының азаматтар мен заңды тұлғаларды жеке мәселелермен қабылдау кестесі ресми-интернет ресурстарда және жергілікті баспасөз газеттерінде жарияланды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен шаралар аясында 2020 жылдың 24 қаңтарында Басқарма және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті арасында «Өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойылды.
Осы Меморандум аясында сыбайлас жемқорлықты алдын алу шарасы ретінде басқарманың қызметкерлері, басқармаға қарасты 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері мен «Табиғат» кәсіпорыны директорлары облыстық қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/1 мекемесінің тергеу изоляторына апарылды.
Сонымен бірге, басқарма мен барлық орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелер мен «Табиғат» кәсіпорыны ғимараттарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазалау мерзімі мен сыбайлас жемқорлық фактілері жөнінде хабарлаған адамдарды көтермелеу шаралары және пара алу мен пара берудің жауапкершілігі туралы әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшалар көрнекі жерлерде орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәукелдерін алдын алу мақсатында 2020 жылдың 1 жартыжылдығы нәтижесімен басқарма құзырындағы салалар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, талдаумен ұсынымдар әзірленді.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу мен оны болдырмау мақсатында, Telegram мессенджерінің Antikor News каналында жарияланатын сыбайлас жемқорлық деректері туралы ақпараттар WhatsApp әлеуметтік желісінде құрылған топтамалары арқылы басқарма қызметкерлеріне және басқармаға қарасты мемлекеттік мекеме басшыларына тұрақты түрде жолданылып келеді.
Басқармамен 4 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
Олар:
1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру;
2. Ағаш кесу және орман билетін беру;
3. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;
4. II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру.
2020 жылдың 12 айында барлығы 2432 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы - 2271 (93,38%), қағаз түрінде - 161 (6,62%), қызмет көрсетілген.
Атап айтсақ:
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша -750 қызметтер көрсетілді, оның 221 аң аулауға рұқсат алса, 461 балық аулауға рұқсат алды, бас тарту саны-68 барлық қызмет 100% электронды порталы арқылы көрсетілген.
2020 жылдың 12 айында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар бойынша республикалық бюджетке 133 млн 984 мың теңге түсті.
2. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 526 адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ағаш кесу билеті-1, орман билеті-505 және бас тарту саны-20). Электронды түрде 69,4%, қағаз түрінде 30,6%.
2020 жылдың 12 айында ағаш кесу және орман билетін беру бойынша облыстық бюджетке 15,8 млн теңге түсті.
3. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамалар электронды порталы арқылы - 164 өтініштер келіп түсті.
Берілгені 86 қорытынды.
Оның ішінде:
ІІ санат объектілері бойынша – 37;
ІІІ санат объектілері бойынша – 19;
ІV санат объектілері бойынша - 30.
25 құжаттар топтамасы толық болмауына байланысты және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылаған материалдар бойынша ескертулер бойынша кері қайтарылды;
53 мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттары тапсырыс беруші тарапынан дұрыс тапсырмауына байланысты кері қайтарылып алынған.
4. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылдың 12 айында электронды порталы арқылы – 992 өтінім келіп түсті.
Кешенді ведомствадан тыс сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінің порталы арқылы –619, е-лицензирование ішкі порталы арқылы - 373 эмиссияға рұқсат берілген.
Берілгені 771 рұқсат.
Оның ішінде:
ІІ санат объектілері бойынша – 40;
ІІІ санат объектілері бойынша – 37;
ІV санат объектілері бойынша - 694.
129 құжаттар топтамасы толық болмауына байланысты және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылаған материалдар бойынша ескертулер бойынша кері қайтарылды;
92 мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған құжаттары тапсырыс беруші тарапынан дұрыс тапсырмауына байланысты кері қайтарылып алынған.
2020 жылдың 12 айында қоршаған ортаға эмиссиялар үшін облыстық бюджетке 1 млрд 101 млн 343 мың 700 теңге түсті.
Ағымдағы жылдың 14 ақпанында «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Antikor» орталығында табиғи ресурстарды, яғни, облыстағы аяқ су, орман, тұрмыстық қаттық қалдықтар, жануарлар дүниесін пайдалану салалары бойынша өзекті мәселелерді қамти отырып, қоғамдық қабылдаулар өткізілді.
«Адалдық Алаңы» жобасы аясында ашықтықты қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмай мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беру мақсатында, басқармаға қарасты мекемелерде арнайы алаңдар ашылды.
Үстіміздегі жылдың 12 айының қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында атқарылған шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында 14 мақала жарық көріп, Facebook әлеуметтік желісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы посттар тұрақты түрде жарияланып келеді.
«Antikor» орталығында басқарма басшылығының тікелей эфирде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған шаралар туралы хабарламалары мен сұхбаттары ұйымдастырылып келеді.
Осы орайда, 2020 жылдың 10 тамызында «Antikor Live» жобасы аясында басқарма басшысы Б. Шаменовтың «Antikor» орталығында «Facebook» желісі арқылы тікелей эфирде 7 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар және қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар туралы хабарлама жасап, облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, іс-шаралар-жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22-28 қазан аралығында «Антикор» орталығында басқармаға қарасты 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері мен «Табиғат» кәсіпорыны директорлары «Facebook» желісі арқылы ткелей эфирге шығып, атқарылған жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралары туралы хабарламалар жасады және тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары Б. Оспановтың «Antikor» орталығында «Facebook» желісі арқылы тікелей эфирі ұйымдастырылып, эфир барысында атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.
«Ашық бюджеттердің интерактивтік картасы» бойынша уақытылы сапалы мәліметтер орналастырылып келеді.
Осы орайда, басқарма бойынша 2,5 млрд. теңгенің жоспарланған объектілері мен өзге де шығыстар көлемі мен осы бағытта игерілген қаржы көлемі туралы ақпараттар орналастырылып келеді.