2020 жыл бойынша басқармаға барлығы 101 өтініш-арыздар келіп түсті, оның ішінде 39 - жеке тұлғалар, 62 - заңды тұлғалардан.
Жеке тұлғалар өтініштері бойынша
Басқармаға 2020 жылдың қорытындысы бойынша 39 - өтініш тіркелген. Оның 18 – өтінішке заңға сәйкес түсіндірме беріліп, 10 – басқарманың құзырына жатпағандықтан басқа жергілікті атқарушы органға жолданып, 4 – өтініш иесіне қанағаттандырылып, 1 – өтініш иесі бүркемеленген автор болғандықтан, қараусыз қалдырылды. Ал 6 – өтініш қаралуда.
Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптар берілді.
Жалпы түскен арыздардың ауқымды бөлігінде аймақтағы экологиялық сараптама мәселесін оңтайлы шешімін табу, аяқ суға арналған насос қондырғыларын орнатуға, аумақты жасыл-желекке көгалдандыру мәселелері қарастырылды.
Заңды тұлғалар өтініштері бойынша
Басқармаға 2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 62 - заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті. Оның ішінде 20 – арыз иелеріне қанағаттандырылып, 35 - заңға сәйкес түсіндірме беріліп, 5 – басқарманың құзырына жатпағандықтан басқа жергілікті атқарушы органға жолданып, 2 – өтініш қараусыз қалдырылды. Өтініштердің басым көпшілігі қала көшелерін жасыл-желекпен ағаштарды отырғызу, жер учаскелерін жалға алуға рұқсат алу, егістік егуге су каналын тарту, аңшылық алқаптарды бекітіп беру, тұрмыстық қатты қалдықтардан өнім өңдеу жөнінде, шаруа қожалықтарға жер телімін пайдалану мәселелері қарастырылған.
БЛОГ – портал бойынша
2020 жыл көлемінде облыс әкімінің БЛОГ-порталынан 6 өтініш келіп түскен. Өтініштер кәсіпкердің құқығын қорғауға, аймаққа жасыл жобаларды ынтымақтастыруға және жеткізілген тауарға уақытылы төлеммен қамту сипатымен, сонымен бірге аяқ су мәселесі мен балық шаруашылық бағытында жүргізілген шараларды қамтитын мәселелер туралы өтініштер. 15 күн ішінде жауап беріліп, облыс әкімінің интернет-ресурсына орнатылған.
ОНЛАЙН – сауалы бойынша
Облыс әкімінің қабылдауында өткен онлайн сауалынан түскен өзеннің арнасына су тоспасын салдыру өтініші, басқарма тарапынан жұмыс тобы құрылып, белгіленген мерзімде әкімнің интернет-ресурсына орнатылған.