Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырындағы салалар бойынша 2020 жылы атқарылған шаралар туралы ақпарат

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн.гектарды құрайтын болса, оның 3,1 млн.гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 89% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.

Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелері жұмыс жасауда.

2020 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 11,3 мың га орман отырғызу жұмыстары жүргізілсе, соның 6,3 мың га Арал теңізінің құрғаған ұлтанында атқарылды.

Сонымен қатар, 2 950 га жерге орманның табиғи өсіп-өнуіне ықпал ету жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың күз айында ағаш көшеттерін өсіретін орман тұқымбақтарының көлемі 22,6 гектардан 80 га ұлғайтылды.

Орман қорының санитарлық жағдайын бақылау үшін 594,1 мың га жерге орман потологиялық зерттеу жұмыстары атқарылды.

2020 жылы республикалық бюджет есебінен зақымдалған 12 мың га сексеуіл алқабына химиялық заласыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Орман шаруашылығы мекемелері мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу, оны анықтау мақсатында 285 рейдтер ұйымдастырып, орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 21 жағдайы  анықталды. Оның 2 жағдайы заңсыз сексеуіл кесу.

Нәтижесінде, табиғатқа 467,6 мың теңге зиян келтіріліп, оның 420,0 мың теңгесі және 216,8 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып, толығымен өндірілді.

Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.

488 км жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3 229 км ескі өрт жолақтары қалпына келтіріп, өрт қауіпті деген жерлерге 101 дана аншлагтар мен паннолар орналастырылды.

Сондай-ақ, 2 729 дана елді мекендер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып, 37 рет БАҚ құралдар арқылы мақалалар жарияланып, 276 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Корея Республикасының қаржыландыруымен Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры арқылы «Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу» жобасы жүзеге асырылды. Осы жоба аясында 13,3 мың га алқапқа сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізілді (2018 ж. - 5 мың га, 2019 ж. - 5,8 мың га, 2020 ж. – 2,5 мың га).

2020 жылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президентінің Халыққа арналған Жолдауында алдағы 5 жыл ішінде, орман қорында (2 млрд. және елді мекендерде 15 млн.) ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысының ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарына сәйкес алдағы жылдары Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 213,1 мың гектар жерге 177,5 млн. ағаш көшеттерін егуді жоспарлап отыр.

Дата публикации
11 января 2021
Дата обновления
11 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы