ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ:
«Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағытында облыста негізгі 3 нысаналы индикатор бойынша жұмыстар атқарылуда.
1-ші. Қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру:
Жалпы облыс аумағында әр түрлі қалдықтарды тасымалдау, жинақтау, қайта өңдеу және жою саласында 40 тан астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды.
(Анықтама ретінде: 22 тұрмыстық қатты қалдықтар, 9 мұнай қалдықтары, 8 медицина қалдықтары, 2 құрамында сынабы бар шамдарды залалсыздандыру саласында).
Есепті кезеңде (2020 жылдың 12 айы) жинақталған 117,0 мың тонна қалдықтардың 21,0 мың тоннасы өңделді. Пайыздық үлесі 18 % құрады.
Қазіргі таңда, «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС жаяу жүргіншілер жолына арналған төсеніштер (брусчатка), «Smart Rubber» (Смарт Раббер) ЖШС-і автокөліктердің жарамсыз дөңгелектерінен резеңке ұнтақтары мен тамшылатып суаруға арналған түтіктерін, «Қызылорда Қағазы» ЖШС-і күнделікті тұрмыста қолданатын әжетхана қағазын жасап шығарса, «ДаЖаЕр» ЖШС, «Август», «Аймырзаев», «Аян» жеке кәсіпкерлік субъектілері макулатура, қартон, пластмасса, пластик қалдықтарын сұрыптап, жинақтау жұмыстарын жүзеге асыруда.
2-ші. Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту:
Облыс тұрғындарының 70,8 % қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген. (облыс халқы – 801 мыңнан астам).
3-ші. Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар:
Облыста 145 полигон болса, оның 7-еуі экологиялық талаптарға сәйкестендірілген. (Пайыздық үлесі- 4,82%)
Полигондарды экологиялық талаптарға сәйкестендіру мақсатында
Жалағаш, Шиелі аудандары тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыптайтын полигон құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (Анықтама ретінде: Шиелі кенті – 10,0 млн.тг, Жалағаш кенті – 5,0 млн.тг).
Жаңақорған кентінде қалдықтарды орналастыру полигоны мен сұрыптау кешеніне арналған жер учаскесі белгіленді.
Сондай-ақ, 2020 жылы іске асырылған жобалар:
Арал қаласындағы полигон құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталып, теңгерімге қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 179,5 млн.тг. (ОБ бөлінгені - 156,9 млн.теңге млн. теңге). Полигонның жылдық қуаттылығы - 37,8 мың тонна. Жер учаскесінің көлемі: 6,2 гектар. Арал қаласынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан.
Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалдықтарды сұрыптау кешені мен полигон құрылысының жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд.теңге. Жаңа полигон Белкөл кентінен 4 шақырымда орналасқан, көлемі 20,0 га. Кешеннің қуаттылығы: Жылына 60 мың тонна қалдық сұрыпталады. Қосымша жұмыс орнымен - 40 адам қамтылып, Кешен іске қосылды.
Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға қоршаған ортаны сақтау, оны ластамау мәдениетін қалыптастыру және арнайы мониторинг жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғамдық кеңес мүшелері, еріктілер және басқарма қызметкелерінің қатысуымен Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарының елді мекендеріне арнайы бақылау жұмыстары жүргізіліп, бей-берекет орналасқан қоқыстар орындарын тазарту мақсатында әкімдіктерге хабарламалар берілді.