Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырындағы салалар бойынша 2020 жылы атқарылған шаралар туралы ақпарат

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ:

Елбасының бастамасымен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жөнінде жобаның нәтижесінде, Арал өңірінің ата кәсібі - балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуда.

Облыс бойынша балық шаруашылығына маңызы бар Кіші Арал теңізі мен 207 көл тізімге алынған.

Қазіргі таңда, 26 көл (Аралда - 4, Қазалыда - 3, Қармақшыда - 2, Жалағашта - 3, Шиеліде - 11, Жаңақорғанда - 3) резервте тұр.

Бүгінгі күні, облыс аумағында 18 балық түрі аулануда.

Облыста жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда.

4 зауытта Еуропалық сапа стандартына сәйкестігін растайтын «Еврокод» саны бар (олар, жеке кәсіпкер "Игликов", "СПК Қызылорда балық", "Арал СДО", "Арал балық өңдеу зауыты" ЖШС-нің балық өңдеу зауыттары).

2020 жылдың 12 айында облыста 8 362 тонна балық ауланды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен (2019 жылдың 12 айы – 6898 тонна) салыстырғанда 18 пайызға көбейіп отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 12 айында 4 302,9 тонна балық өнімдері
9 шет мемлекеттерге экспортталып, өткен жылмен (2019 жылдың 12 айы - 4220 тн.) салыстырғанда 2 пайызға өсті.

Атап айтқанда, балық өнімдері Ресей, Германия, Польша, Грузия, Литва, Қытай, Нидерланды, Чехия, Беларусь елдеріне нарыққа шығарылуда.

Негізгі экспортқа шығарылып жатқан балық түрілері тыран, торта, алабұға, шортан, аралас балық, көксерке. Олардан көксеркенің жон еті, тыранның қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі (филе), қатырылған балық және балық ұны өнімдері экспортталуда.

2019 жылы облыс бойынша 10 көл тауарлы балық өсіретін шаруашылықтар жұмыс жасап, 2020 жылы олардың саны 19-ға жетті.

Өткен жылы тауарлы балық өсіретін шаруашылықтармен 144 тонна балық өсірілсе, ағымдағы жылы 155 тонна тауарлы балық өсірілді.

2030 жылға дейін тауарлы балық көлемін 16 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл бойынша 2020 жылғы 30 қазанда облыс әкімдігімен балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілді.

Сонымен қатар, күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару шаралары жүргізілді.

Мәселен, 2020 жылдың тамыз айының 27-нен бастап облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралары жүргізіліп, күріштік алқаптар мен бөлектенген каналдарда қалған
8,3 млн балық шабақтары құтқарылып су айдындарына жіберілді.

Дата публикации
11 января 2021
Дата обновления
11 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы