Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

Арал ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 бұйрығымен бекітілген «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу» Қағидаларына сәйкес резервте тұрған балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарын бекітіп беруге конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілетін уақыты мен орны: 2020 жылдың 27 қараша күні сағат 11.00-де өткізіледі.

Өтетін орны: Арал ауданы, Бекмырза хан көшесі № 11 а, «Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, байланыс телефондары – 8(72433) 2-14-57; электронды адрес: boss.selhoz@mail.ru

 

Конкурсқа қойылатын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің тізбесі

           

№

Су

айдындарының

атауы

Ауданы

(га)

Бекітіп беру мерзімі

Балық шаруашылығын жүргізу мақсаты

2020 жылға  балықтандыру көлемі (дана)

1

Қамбаш № 5 учаскесі

4200

5 жыл

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау

735000

Конкурстық құжаттар топтамасын Арал ауданы, Бекмырза хан көшесі № 11 а, «Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады. 

Сонымен қатар, конкурстың тәртібі Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалауды реттеу басқармасының ғаламтор-ресурсында (http://gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat?lang=kk) жарияланады.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2020 жыл 26 қараша, сағат 18.30-ға дейін.

Өтінім тігілген күйінде, нөмірленген беттерімен беріледі және соңғы беті қол қою арқылы және мөрмен куәландырылады (егер болса, жеке тұлға үшін).

Жеке немесе заңды тұлғалар әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке конкурстық өтінім дайындап, оны хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша ұсынады:

Конкурстық құжаттар қатысуышының толық атауы мен мекен-жай және «Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс» деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.

Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап өтінім берген тұлға конкурсқа қатысушы болады.

"Ақмешіт ақшамы" газеті 2020 жылғы 12 қарашадағы №45 (1534)

Папка

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы