| 09.09.2026 |
«Оңтүстік тау-кен химиялық компаниясы» БК» ЖШС («ОТХК» БК» ЖШС) «Түркістан облысының Созақ ауданында және Қызылорда облысының Шиелі ауданында орналасқан „Оңтүстік Инкай“ кенішінде 2026–2028 жылдарға арналған технологиялық блоктарды байлау» жобасы бойынша (Қызылорда облысының шегінде) оңайлатылған тәртіппен қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсат алуға арналған өтінім материалдары бойынша ашық жиналыс нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды. Қоғамдық тыңдауларға «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі (ҚОҚ), жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы (ЖШН), қалдықтарды басқару бағдарламасы (ҚББ), өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы (ӨЭББ), қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары (ҚОҚІЖ) ұсынылады. Әсер етуі ықтимал аумақ: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, «Оңтүстік Инкай» кенішінің аумағы. Ең жақын елді мекен — Алғабас ауылы. Әсер ету аумағының географиялық координаттары: 44°17′33,94″ солтүстік ендік, 66°43′26,76″ шығыс бойлық. Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 15 қазанда сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша өткізіледі: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас ауылы, Әзімхан Исмаилов көшесі, 35-ғимарат, пошта индексі 120705. Қоғамдық тыңдаулар Zoom бейнеконференцбайланысы арқылы онлайн қосылу мүмкіндігімен ашық жиналыс нысанында өткізіледі. Онлайн қосылуға арналған сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/84032571399?pwd=dG5jYchaS2tK7ZPqnOk7Bwjt6xmNgN.1 Конференция идентификаторы: 840 3257 1399. Кіру коды: 123456. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша ашық жиналыстың өткізілу мерзімі қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін. Жоспарланған қызметтің бастамашысы: «ОТХК» БК» ЖШС, БСН 140840001183. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 160019, Шымкент қаласы, Д. Қонаев даңғылы, 23А. Телефоны: +7 (7252) 99-73-93. Электрондық поштасы: info@ughk.kazatomprom.kz. Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: «SAAF Group» ЖШС, БСН 051240000642. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 116, 7/14 үй-жай. Телефоны: +77020927088. Электрондық поштасы: saafgroup@list.ru. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын материалдармен Бірыңғай экологиялық порталда https://ndbecology.gov.kz, сондай-ақ Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми интернет-ресурсындағы «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat. Жоспарланған қызмет және қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі туралы қосымша ақпаратты алуға, сондай-ақ жоспарланған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға болады: +7 (7252) 99-73-93, info@ughk.kazatomprom.kz; құжаттаманы әзірлеушінің телефоны: +77020927088, электрондық поштасы: saafgroup@list.ru. Қоғамдық тыңдауларға шығарылатын құжаттар бойынша ескертулер мен ұсыныстар жазбаша немесе электрондық түрде Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында қабылданады. Мекенжайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1-құрылыс, пошта индексі 120003; электрондық пошта мекенжайлары: prd@korda.gov.kz, prd@vmail.kz, a.koskhanova@vmail.kz; телефон: +7 (7242) 60-53-69.
Проект/Жобасы
|