Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы 9 айдың нәтижесімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау бойынша атқарылған шаралар туралы ақпарат

2020 жылғы 9 айдың нәтижесімен жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерімен жұмыс жасау бойынша атқарылған шаралар

туралы ақпарат

2020 жылдың  9 айдың қорытындысы  бойынша  Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына барлығы  69  өтініштер, оның ішінде  20 жеке тұлғалардан және 49  өтініш заңды тұлғалардан келіп түсті.

 Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша

2020 жылдың 9 айдың  қорытындысы бойынша  жеке тұлғалардың 20 өтініштері тіркелді. Оның ішінде 13 өтінішке заңға сәйкес түсіндірме берілген болса, 5 өтініш басқарманың құзырына жатпағандықтан басқа мемлекеттік органдарға жолданды.  Сонымен қатар, 1 өтініш қанағаттандырылған болса, 1 өтініш қараусыз қалдырылды.   

Басқарма бойынша барлық арыздар бақылауға алынып, олармен тиісті жұмыстар жүргізіліп, заңда көзделген мерзімдерде жауаптар берілді.

 Түскен өтініштерде жұмыспен қамту, аймақтың экологиялық қолайлығы, көгалдандыру және өзге де мәселелер көтерілген.

Заңды тұлғалар өтініштері бойынша

Басқармаға 2020 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша барлығы  заңды тұлғалардан 49 өтініштер келіп түсті. Оның  ішінде 16 өтініш қанағаттандырылған болса, 30 өтінішке заңға сәйкес  түсіндірме берілді, 3 өтініш басқарманың құзырына жатпағандықтан басқа мемлекеттік органға жолданды.  

Өтініштердің басым көпшілігінде қала көшелерін тазарту, егістік егуге су каналын тарту, аңшылық алқаптарды бекітіп беру,  тұрмыстық қатты қалдықтардан өнім өңдеу  және басқа да мәселелер көтерілген.

БЛОГ – портал бойынша

2020 жылдың 9 айында облыс әкімінің БЛОГ-порталы арқылы 3 заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. Өтініштер кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, аймақта көгалдандыру жобаларын іске асыру және мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша түсті. Өтініштерге 15 күн ішінде жауаптар беріліп, олар облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылды.

ОНЛАЙН – сауал бойынша

Онлайн сауалдан түскен  өзеннің арнасына  су тоспасын салдыру жөніндегі өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, бұл туралы ақпарат белгіленген мерзімде әкімнің интернет-ресурсына орналастырылды.

Дата публикации
08 октября 2020
Дата обновления
08 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы