Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.
(2020 жылдың I жартыжылдығы бойынша)
Басқарма Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес басқарма саласы бойынша 4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда:
1) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»;
2) «Ағаш кесу және орман билетін беру»;
3) «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»;
4) «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»;
Басқармамен 2020 жылдың І жартыжылдығында барлығы 1083 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы - 1083, қағаз түрінде - 0, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0, қызмет көрсетілген (100% электронды үкімет портал арқылы, 0% «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 0% қағаз түрінде көрсетілген).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бөлген кезде:
«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылдың
I жартыжылдығында - 389 рұқсат берілген (2020 жылдың I жартыжылдығында - 389 қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар берілді және 100% электронды порталы арқылы көрсетілген).
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы
№379 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша ІІ, ІІІ және ІV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру және ІІ, ІІІ, ІV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжаттарын беру қызметті берушінің кеңсесі (басқарма арқылы), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және электронды түрде беріледі.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 72-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар:
II және III санаттардағы объектiлерiне:
1) рұқсат алуға өтiнiмдi;
2) бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не ведосстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;
3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары.
IV санаттағы объектiлеріне:
1) рұқсат алуға өтінімді;
2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 74-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға өтiнiмдер беру, қарау және рұқсат беру мерзiмдерi:
ІІ және ІІI санаттардағы объектілер үшін – өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;
IV санаттағы объектілер үшін - өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың - 49 қорытындылары берілді. (2020 жылдың I жартыжылдығында 49 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілді және 100% электронды порталы арқылы көрсетілген).
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 100 бұйрығының 9 тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдар:
1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөнінде өтінім Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
2) әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы болған жағдайда, келесі құрамда:
қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;
өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;
жобаның электрондық нұсқасы;
3) эмиссиялар нормативтерінің жобалары болған жағдайда, жобаның электрондық нұсқасымен қоса.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 50 - бабына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері:
II санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні;
III және IV санаттардағы объектілер үшін - он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі – 266. (2020 жылдың I жартыжылдығында - 266 жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар берілді және 100% электронды порталы арқылы көрсетілген).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
электрондық (толық автоматтандырылған)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өтінім;
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының көшірмесі.
көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдар тізімінің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2020 жылдың I жартыжылдығы бойынша 378. адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ағаш кесу және орман билеті барлығы - 378, оның ішінде электронды түрде – 378.).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:
қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
қағаз түрінде ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру (бұдан әрі - билет).
Берілген рұқсаттар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
мал басы анықтамасы;
мекен-жай анықтамасы;
Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүргізу барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының талаптары бойынша бұзушылықтар байқалған жоқ.