Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2020 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында атқарылған жұмыстары туралы

Су шаруашылығы:

Суармалы жерлер бойынша:

Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және қалпына келтіру туралы Елбасының тапсырмасына сәйкес облыста 158 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу жөніндегі 3 (үш) жобаны іске асыру үшін жұмыстар жалғастырылуда. 

(Анықтама ретінде:

- 15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша

- 143 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша

- 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы

ПУИД-2 жобасына (Республика бойынша 113,0 мың га, оның ішінде:  Алматы  обл. - 12,5 мың га, Жамбыл обл. - 15,0 мың га, Түркістан обл. - 70,4 мың га, Қызылорда обл. - 15,1 мың га) Жалағаш ауданының  Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтеріндегі 15,1 мың га суармалы жерлері енгізілген.

Жобаға енген су нысандарын құжаттандыруға 2016 - 2017 жылдары облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, су нысандары республикалық меншікке өткізілді.

2018 жылғы 31 қарашада ҚР АШМ халықаралық қағидаларға сәйкес сатып алу конкурсы жарияланып, 2019 жылдың  сәуір айында Консорциум «Мелиоратор» ЖШС-і, «Казахдорстрой» ЖШС-і, «Ақсу» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. Қаржыландыру көзі - республикалық бюджет 70%, Дүниежүзілік банк 30%. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге.

ПУИД-2 жобасы жойынша су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары басталып, жоба бойынша 2019 жылы бөлінген 879 млн.теңге қаржыға               1 810 шақырым су жүйелерінің 241 шақырымы (13,3%) тазаланып, 14 516 дана су құрылыстарының 481-і (3,3%) салынды.

2020 жылы 3,4 млрд.теңге бөлініп, бүгінгі күнге дейін 867 млн.теңгесі игерілді (25,6 %). Бөлінген қаржыға қазіргі уақытта 5379 гектар жердің 629 шақырым су жүйелері тазаланып, 1471 дана су құрылыстары салынды.

ПУИД-3 жобасына (Республика бойынша 311 мың га, о.і.  Алматы обл. - 40 мың га, Жамбыл обл. - 10 мың га, Түркістан обл. - 118 мың га, Қызылорда обл. - 143 мың га.) 143 мың га жер енгізілген.

2018-2019 жылдары құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен аудандар мен  қала бюджетіне (Арал ауданынан басқа) 771 млн.теңге ағымдағы трансферт бөлініп (оның 148,4 млн. теңгесі үнемделген), Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша құжаттандыру жұмыстары аяқталды.

Сонымен қоса, 2020 жылы 21 сәуірде облыстық мәслихаттың шешімімен құжаттандыру жұмыстарын аяқтауға 25 млн.теңге (Қызылорда қаласы 14,9 млн. теңге, Сырдария ауданы 10,3 млн.теңге) бөлінді. Қазіргі таңда,  құжаттандыру жұмыстары аяқталды.

29 мың га суармалы жерлерді айналымға қосу жобасына  енген су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 2017 - 2018 жылдары облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құжаттандыру жұмыстары аяқталып, су нысандары республикалық меншікке өткізілді.

ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің тапсырысы бойынша "Суармалы жерлер үшін ирригациялық жүйелерді жаңғырту (модернизация)" жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Азия Даму Банкімен айналымға енгізілетін су нысандарының жоба-сметалық құжаттарын қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізуде.

Жаңа суармалы жерлерді іске қосу бойынша:

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №904 қаулысымен бекітілген суармалы жерлерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына Қызылорда облысы бойынша жаңадан 51,3 мың гектар суармалы жерлерді және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектарды айналымға қосу (80,2 мың га) енгізілген.

2019  жылы айналымға енетін 51,3 мың га жердің 1,9 мың гектар жеріне тегістеу, су жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылып, 561 гектарға егін егілді.

Бүгінгі күні, жаңа суармалы жерлерді игеруге облыста шаруашылық құрылымдары инвестор ретінде тартылуда.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы            10 қыркүйектегі №152 Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 41-тармағымен берілген «2030 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 3 млн. гектарға дейін кезең-кезеңмен ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеуді» орындау мақсатында «Қызылорда облысының 2030 жылға дейін жаңа суармалы жерлерді дамыту жөніндегі Жол картасы» бекітілді.

Жол картаға сәйкес 2020 жылы 2750 гектар жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу жоспарланған.

Қазіргі уақытта нақты игерілгендері Қармақшы ауданы 500 га (күріш-415 га, мақсары-45 га, бақша өнімдері-40 га), Сырдария ауданы 50 га -жоңышқа, Жаңақорған ауданы 450 га (бидай, күріш, жоңышқа, бақша өнімдері, көкөніс), Шиелі ауданы 550 га күріш, Қызылорда қаласы 500 га (жаздық бидай-120 га, жоңышқа-158 га, күріш-222 га), барлығы 2050 га.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету:

Елді мекендерің экологиялық жағдайын және суармалы сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында 2020 жылы облыстық бюджеттен
8 каналға (Қазалы ауданы Қазалы қаласындағы «Көне Қырғыз арық», «Дәулет арық», Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округіндегі «Меней», Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округіндегі «Ауыл арығы», Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам», Амангелді ауылдық округіндегі «Қызыл ту», Шиелі ауданы Гигант ауылдық округіндегі «Л-1», Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылдық округіндегі «У1, У2, У3, У4») және
2020 - 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша
4 каналға (Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі  «Ақкиіз», Ғ.Мұратбаев ауылдық округіндегі «Ақарық, Шиелі ауданындағы "Көксу", Жаңақорған ауданындағы "Сумағар") су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Соның ішінде бүгінгі күнге 4 су шаруашылығы нысаны (Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округіндегі «Ауыл арығы», Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам», Шиелі ауданы Гигант ауылдық округіндегі «Л-1», Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылдық округіндегі «У1, У2, У3, У4») және 2020 - 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасымен 1 су шаруашылығы нысаны (Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев ауылдық округіндегі «Ақарық) бойынша жұмыстар толық аяқталып, қалған 7 су шаруашылығы нысандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бөлінген қаржыға ұзындығы барлығы 95,5 шақырым болатын 12 канал тазаланып, олардың бойындағы 10 дана гидротехникалық құрылыс жөнделетін болады.

Сонымен бірге, өздігінен су бармайтын елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін (Қармақшы ауданы Төребай би, Алдашбай ахун, Жалағаш ауданы Еңбек, Жаңақорған ауданы Қандөз ауылдық округтеріне, «Табиғат» МКК 2 дана) 6 дана насос қондырғысын сатып алуға қаржы бөлінді. Соның ішінде Қызылорда қаласының «Табиғат» МКК-ның теңгеріміндегі Жібек жолы каналына 1 дана насос қондырғысы алынып берілді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігінің  2020 жылғы 18 маусымында №57 қаулысымен бекітілген Қызылорда облысының 2023 жылға  дейінгі экономикалық даму жоспарына 2020-2025 жылдар аралығында жалпы көлемі 12,3 млрд. теңгені құрайтын 192 нысанға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және елді мекендерге 43 дана насос қондырғыларымен қамтамасыз ету шарасы енгізілді.

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу:

Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 26 көлге су қорғау белгілері орнатуға қаржы бөлініп, 67 су қорғау белгілері орнатылды.

Дата публикации
07 октября 2020
Дата обновления
07 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы