Орман шаруашылығы:
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн. га болса, оның 3,1 млн. га орманды алқапты құрайды.
Орман шаруашылығы мекемелері тарапынан орманды күзету, қорғау және өсімін арттыру бойынша біршама жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, облыс бойынша орман өсімін молайту мақсатында 2020 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 11 321 га орман отырғызу жұмыстары жоспарланып, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 6 300 га орналастырылады. Есептік кезеңде жоспарланған көлемнің 1 412 га орындалды, қалған көлемі агротехникалық талаптарына сәйкес күз айында атқарылады.
Сонымен қатар, ағаш көшеттерін өсіретін 22,6 га жерге уақытша тұқымбақ ұйымдастырылуда.
2020 жылы республикалық бюджеттен есебінен зақымдалған 12 мың га сексеуіл алқабына химиялық заласыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Орман шаруашылығы саласында жыл басынан бері «Ағаш кесу және орман билеттерін беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша барлығы 471 қызмет көрсетілді.
2020 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар атқарылуда.
Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Оған қоса, 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 3 229 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтіріп, өрт қауіпті бар аймақтарға 101 дана аншлагтар мен паннолар орналастырылды.
Сонымен қатар, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Оңтүстік Корея Республикасының қаржыландыруымен Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры арқылы «Арал теңізінің құрғап қалған ұлтанында фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу» жобасы жүзеге асырылды.
2020 жылдың көктемінде жоба бойынша 2 500 га жерге сексеуіл егу жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда толығымен орындалған.