Меню

Страницы

Статья

«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

 

Қызылорда қаласы

         15.07.2020 жыл.

 

 

«Қызылорда облысының табиғи ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылдың 4 шілдедегі №516 санды қаулысымен бекітілген.

«Қызылорда облысының табиғи ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Қызылорда облысының әділет департаментінде 2008 жылдың
29 ақпанында №6137-1933-ММ тіркеу нөмірімен заңды тұлға ретінде қайта тіркеліп, бизнес-сәйкестендіру 050140001703 нөмірімен сериясы В №0222101 санды куәлігін алған.

Қызылорда облыстық Қазынашылық Департаментіндегі есеп шоты:
ИИК-KZ3 KZ70070102KSN3301000, БИК-KKMFKZ2A.

Мекеме коды – 254/2510

Заңды тұлғаның тұрған жері (мекен-жайы) Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1. Байланыс телефондары: 60-53-64, 60-53-61 факс: 60-53-62.

Бюджет деңгейі: Облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

Ішкі талдау жүргізу негіздемесі: 2019 жылғы 25 желтоқсанағы №202-ө бұйрығы.

  1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын Басқарманың бөлімдері (бұдар әрі – Бөлімдер):

1) Әкімшілік бөлімі;

2) Орман шаруашылығы бөлімі;

3) Жануарлар дүниесі бөлімі;

4) Су ресурстары бөлімі;

5) Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімі;

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

1) жоғарыда көрсетілген Басқарма бөлімдерінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

1-ші Бағыт бойынша

Басқарма табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы функцияларды және де басқарушылық-ұйымдастырушылық функцияларды жүзеге асыру үшін келесідей негізгі құқықтық актілерді қолданады:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

«Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы
4 желтоқсандағы Заңы;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

«Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 516 қаулысы;

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы
27 қарашадағы №107 Заңы;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы;

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ;

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 153 Жарлығы;

«Қазақстан Республикасының Орман кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі №477 Кодексі;

«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 Кодексі;

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №593 Заңы;

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №175 Заңы;

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі №271-IV Заңы;

«Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №127 Заңы;

 

2-ші Бағыт бойынша

Кадрлық қамтамасыз ету.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылы 10 желтоқсандағы
№227 қаулысымен құрылып, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыс көлемінде табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады.

Басқарманың құрылымына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілер
16 штаттық бірлік. Басқарма басшысы - 1 бірлік, орынбасарлары - 2 бірлік, бөлім басшылары - 7 бірлік, бас мамандар - 6 бірлік.

2020 жылғы І жарты жылдықта:

Басқарма қызметкерлері арасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44 - бабына сәйкес, теріс себептермен қызметтен шығаруға әкеп соғатын тәртіптік теріс қылық жасау фактілері орын алмаған.

 

Мемлекеттік сатып алулар бойынша:

  Мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығын басшылыққа ала отырып  қазіргі таңда тиісті жұмыстар атқарылуда.

  Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына байланысты
2020 жылы I жартыжылдықта басқарма тарапынан барлығы 45 мемлекеттік сатып алулар өткізілді. Оның ішінде: 20 - бір көзден мемлекеттік сатып алу тәсілімен, 7 - ашық конкурс тәсілі және 10 - баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы жүргізіліп, нәтижесімен жеңімпаз мердігерлер анықталды.

  Қазіргі таңда, Заң негізінде мердігер мекемелермен келісім шарт жасалып, шартқа сәйкес қызметтер мен жұмыстар жүргізілуде, ал тауарлар қажетті жеріне жеткізіліп берілді.

  Басқармада өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылық фактілер орын алған жоқ.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша.

Басқармаға 2020 жылдың I жартыжылдығында барлығы - 47 өтініш келіп түскен. Оның ішінде, жеке тұлғалар өтініші (ЖТ) - 12. Оның                                                  ішінде 1-өтініші қанағаттандырылып, 5-өтінішке заңға сәйкес түсіндірме берілді және 1 өтініш ведомства бойынша жолданды, 1 өтініш заңға сәйкес қаралуда. Заңды тұлғалар өтініші (ЗТ) - 35, Оның ішінде,9 - өтініш қанағаттандырылып, 20-өтінішке заңға сәйкес түсіндірме берілді және 1 өтініш ведомства бойынша жолданды,
1 - өтініш заңға сәйкес қаралуда. Жеке қабылдаудан түскен өтініштер саны - 3. Оның ішнде 2 өтінішке түсіндірме берілді және 1 өтінішке ауызша түсіндірме берілді.

 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
ҚР заңының талаптарын бұзушылық байқалмады.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 1171 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылуда.

Басқарма қызметкерлеріне жыл басынан бері әр бағытта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда тұрақты түрде семинар - отырыстар, жиналыстар өткізілді.

Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет қөрсету барысында және қызмет барысында жоғарыда аталған заңнамаларды сақтамай бұзушылықтарға жол берген жағдайда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгендігі ескертіліп, құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу тапсырылды және Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін әрбір қызметкермен персоналды түрде және жеке қол таңбасын қойғызу арқылы профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.

Басқарма Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі
№983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес басқарма саласы бойынша 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда:

1) «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы»;

2)  «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»;

3) «Ағаш кесу және орман билетін беру»;

4) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу»; 

5) «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»;

6) «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»;

7) «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру»;

8) «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері.

Басқармамен 2020 жылдың І жартыжылдығында барлығы 1083 қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы - 1083, қағаз түрінде - 0, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0, қызмет көрсетілген (100% электронды үкімет портал арқылы, 0% «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, 0% қағаз түрінде көрсетілген).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бөлген кезде:

 

«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылдың
I жартыжылдығында - 389 рұқсат берілген (2020 жылдың I жартыжылдығында -
389қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар берілді және 100% электронды порталы арқылы көрсетілген).

 Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы
№379 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша ІІ, ІІІ және ІV санат объектілеріне  мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру және ІІ, ІІІ, ІV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат құжаттарын беру қызметті берушінің кеңсесі (басқарма арқылы), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және электронды түрде беріледі.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 72-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн ұсынылатын материалдар:

II және III санаттардағы объектiлерiне:

1) рұқсат алуға өтiнiмдi;

2) бекітілген эмиссиялар нормативтері қамтылған құрылыс жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не ведосстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы;

3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары.

IV санаттағы объектiлеріне:

1) рұқсат алуға өтінімді;

2) қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 74-бабына сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға өтiнiмдер беру, қарау және рұқсат беру мерзiмдерi:

ІІ және ІІI санаттардағы объектілер үшін – өтінім тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде;

IV санаттағы объектілер үшін - өтінім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

 

«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша шаруашылық субъектілері болып табылатын кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, шағын кәсіпкерлік серіктестіктері және жеке кәсіпкерлер арқылы тапсырылған құжаттамаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманың - 49 қорытындылары берілді. (2020 жылдың I жартыжылдығында 49 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілді және 100% электронды порталы арқылы көрсетілген).  

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 100 бұйрығының 9 тармағына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдар:

1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөнінде өтінім Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;

2) әзірлеу деңгейі жобалау сатыларына сәйкес келетін ҚОӘБ материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы болған жағдайда, келесі құрамда:

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

өтінімді бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі БАҚ) жарияланғанын растайтын материалдар;

жобаның электрондық нұсқасы;

3) эмиссиялар нормативтерінің жобалары болған жағдайда, жобаның электрондық нұсқасымен қоса.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 50 - бабына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімдері:

II санаттағы объектілер үшін отыз жұмыс күні;

III және IV санаттардағы объектілер үшін - он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.  

 

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі – 266. (2020 жылдың I жартыжылдығында - 266 жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар берілді және 100% электронды порталы арқылы көрсетілген).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

электрондық (толық автоматтандырылған)

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

өтінім;

жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының көшірмесі.

көрсетілетін қызметті алушы қол қойған, аң аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесі объектілерін алуға қатысатын адамдар тізімінің электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;

www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

«Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі – 0.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

облыс әкімдігінің жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулысы.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

көрсетілетін қызметті алушыны аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың жеңімпазы деп тану туралы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша конкурстың қорытындылары туралы хаттамасының көшірмесі.

 

«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2020 жылдың I жартыжылдығы бойынша 378. адамға мемлекеттік қызметтер көрсетілді (ағаш кесу және орман билеті барлығы - 378, оның ішінде электронды түрде – 378.).

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

қағаз түрінде ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру (бұдан әрі - билет).

Берілген рұқсаттар туралы мәліметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

мал басы анықтамасы;

мекен-жай анықтамасы;

 

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша сұраныс болмауына байланысты қызмет көрсетілмеген.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – шарт).

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

қағаз түрінде.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі №477 Орман кодексінің 15-бабының 15-3) тармақшасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады делінген.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2017 жылғы 15 маусымдағы №73-VI заңымен орман кодексінің 15-бабының
15-3) тармақшадағы "ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын" деген сөздер "ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын"
деген сөздермен ауыстырылып, өзгерістер енгізілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18-02/41 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы                             3 қарашадағы № 445 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Дегенмен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы №18-1/415 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тиісті өзгерістер енгізілмеуде.

Осыған сәйкес, жоғарыдағы аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтің регламенті бекіту және электрондық форматқа өткізу мүмкіндігі болмай отыр.

 

«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі - 1.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтік көрсету мерзіміне кірмейді).

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру».

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі;

ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы суды пайдалану негіздемесіне қатысты мәліметтерді, су пайдалану мақсатын, жерасты суларын өндірудің жылдық және маусымдық есептік көлемін, сондай-ақ қолданыстағы және резервтік ұңғымалардың санын қамтитын еркін нысандағы өтініш.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;

www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы  арқылы жүзеге асырылады.

 

«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі - 0.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 43 (қырық үш) жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді).

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны:

қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

«Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негіздеме беру».

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) конкурсқа қатысуға еркін нысандағы өтініш;

2) конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (нотариалды куәландырылған көшірмелер):

су объектісін пайдаланудың мәлімделген мақсаттарына сай материалдық-техникалық базаның болуы;

қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, үш және одан да көп жылдарға арналған жылдар бойынша даму жоспары (су қорғау іс-шараларын жүргізуді, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін абаттандыру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда);

конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам уақытқа созылған мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі), анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте берілмеуге тиіс;

бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған соңғы қаржы жылы үшін бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы (егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін);

үш айдан астам уақытқа (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені не салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бір теңгеден аз берешектің бар екені туралы конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен бұрын бір ай ішінде берілген тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы.

3) мыналардың нотариалды расталған көшірмелері:

жарғы;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтаманың түпнұсқасы;

жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жеке куәлік немесе паспорт және салық төлеушінің куәлігі.

4) инвестициялардың қысқаша негіздемесі бар конкурсқа қатысушының су объектісін пайдалануға қатысты ниеті;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;

www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Басқармамен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүргізу барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының талаптары бойынша бұзушылықтар  байқалған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша келесідей шараларды қабылдау ұсынылады:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында құқықтық оқытулар мен семинарлар өткізу;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеу көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру мақсатында уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

3) тұлғалардың өтініштерін мерзімде әрі заңнама талаптарына сай қарау бойынша бақылау шараларын үнемі жүргізу;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпараттарды тиісті нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай сапалы көрсету және оларды жетілдіру мақсатында тиісті шараларды қабылдау;

5) мемлекеттік сатып алумен тікелей айналасатын қызметкерлерді мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың өзгеруімен байланысты семинарларға қатыстырып, біліктіліктерін арттыру;

6) мемлекеттік сатып алу процестерін жүргізу барысында сыртқы ресурстарды (жосықсыз қатысушылар тізімі, борышкерлер тізімі және т.б.) ұдайы пайдалануды қамтамасыз ету.

Осы ұсынымдарды іске асыру екі апта мерзім ішінде.

Басқарма басшысының

орынбасары, топ жетекшісі                                                           Б. Оспанов

 

 

 

 

 

 

Келісілді:

Әкімшілік бөлімінің басшысы,

топ мүшесі

 

 

С.Ұзақ

 

Су ресурстары бөлімінің басшысы, топ мүшесі

 

 

Қ. Жансұлтанұлы

 

 

 

Орман шаруашылығы бөлімінің басшысы, топ мүшесі

 

 

Б. Ахмедов

Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлімінің басшысы, топ мүшесі

 

 

Т. Досмаилов

 

Әкімшілік бөлімінің статисті,
топ мүшесі

 

Әкімшілік бөлімінің статисті,
топ мүшесі

 

А. Аяғанов

 

С. Нұрхожа

 

 

 

Дата публикации
11 сентября 2020
Дата обновления
11 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы