Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2020 жылдың II тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 1171 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарманың құзіреті шегінде тиісті шаралар атқарылуда.
Басқарма қызметкерлеріне жыл басынан бері әр бағытта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, «Құқықтық актілер туралы» Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы және тағы басқа тақырыптарда тұрақты түрде семинар- отырыстар, жиналыстар өткізілді.
Бұдан бөлек, бекітілген кестеге сәйкес апта сайын басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алу, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу саласында көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер және тағы да басқа тақырыптарда лекциялар оқылып, сұрақ-жауаптар, талқылау және пікір алмасулар жүргізілді.
Әдеп нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу үшін әрбір қызметкермен персоналды түрде және жеке қол таңбасын қойғызу арқылы профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
«Адалдық Алаңы» жобасы (бұдан әрі - Жоба) бойынша ашықтықты қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмай мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік беру мақсатында басқармаға бағынысты мемлекеттік мекемелерде бұрыштар ашылған болатын, өз кезегінде басқармаға бағынысты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне (Қызылорда, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) атқарылатын жұмыстар бойынша тапсырмалар берілді және тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Оған қоса сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатында Республика бойынша орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттарды басқарма және басқармаға бағынысты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне (Қызылорда, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында, басқарма тарапынан тұрақты түрде ескертпе хаттар жолданылуда.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, соның ішінде алқа, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жария талқылау бойынша басқарма басшысының қатысуымен Anti kor орталығында тікелей эфир ұйымдастырылды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Рспубликасының 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңының 8 бабының 5-тармағына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаланына" сәйкес басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне олардың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша 2020 жылдың I жартыжылдығы кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді және талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілер анықталған жоқ.
Бүгінгі күні басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.
Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы дерлік жалғасын тауып, басқарма және оған бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары тұрақты түрде басқарманың қатаң бақылауында болады.