Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2020 жылдың қаңтар - маусым айларында атқарылған жұмыстары туралы

Су шаруашылығы:

Суармалы жерлер бойынша:

Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және қалпына келтіру туралы Елбасының тапсырмасына сәйкес облыста 158 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу жөніндегі 3 (үш) жобаны іске асыру үшін жұмыстар жалғастырылуда. 

(Анықтама ретінде:

- 15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша

- 143 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша

- 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы

ПУИД-2 жобасына (Республика бойынша 113,0 мың га, оның ішінде:  Алматы  обл. - 12,5 мың га, Жамбыл обл. - 15,0 мың га, Түркістан обл. - 70,4 мың га, Қызылорда обл. - 15,1 мың га) Жалағаш ауданының  Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң және Мәдениет ауылдық округтеріндегі 15,1 мың га суармалы жерлері енгізілген.

Жобаға енген су нысандарын құжаттандыруға 2016 - 2017 жылдары облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, су нысандары республикалық меншікке өткізілді.

2018 жылғы 31 қарашада ҚР АШМ халықаралық қағидаларға сәйкес сатып алу конкурсы жарияланып, 2019 жылдың  сәуір айында  Консорциум «Мелиоратор» ЖШС-і, «Казахдорстрой» ЖШС-і, «Ақсу» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. (Анықтама ретінде: Қаржыландыру көзі - республикалық бюджет 70%, Дүниежүзілік банк 30%).

 ПУИД-2 жобасы жойынша  су жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары басталып, жоба бойынша 2019 жылы бөлінген қаржыға
1 810 шақырым су жүйелерінің 241 шақырымы (13,3%) тазаланып, 14 516 дана су құрылыстарының 481-і (3,3%) салынды. 2020 жылы құрылыс жұмыстарына  да қаржы бөлінді.

Бүгінгі күнге 449,7 шақырым су жүйелері тазаланып, 779 дана су құрылыстары салынды.

ПУИД-3 жобасына (Республика бойынша 311 мың га, о.і.  Алматы обл. - 40 мың га, Жамбыл обл. - 10 мың га, Түркістан обл. - 118 мың га, Қызылорда обл. - 143 мың га.) 143 мың га жер енгізілген.

2018 - 2019 жылдары құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен аудандар мен қала бюджетіне (Арал ауданынан басқа)
қаржы бөлініп Қызылорда қаласы, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша құжаттандыру жұмыстары аяқталды.

2020 жылы 21 сәуірдегі облыстық мәслихаттың №418 шешімімен құжаттандыру жұмыстарын аяқтауға қаржы бөлінді. 

Қазіргі таңда, Сырдария ауданы бойынша жобаға енген су нысандарын бағалау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.

Қызылорда қаласы бойынша құжаттандыру жұмыстары «Нұр Қадам KZ» ЖШС-мен жүргізілуде. Келісім шартқа сәйкес су нысандарының госактілері әзірленуде.

Сонымен бірге, су нысандары бойынша құжаттандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін республикалық меншікке өткізу жұмыстары атқарылатын болады.

29 мың га суармалы жерлерді айналымға қосу жобасына  енген су шаруашылығы нысандарын құжаттандыру үшін 2017 - 2018 жылдары облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құжаттандыру жұмыстары аяқталып, су нысандары республикалық меншікке өткізілді.

Жоба Азия даму банкінің қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын болады. ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің тапсырысы бойынша "Суармалы жерлер үшін ирригациялық жүйелерді жаңғырту (модернизация)" жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда, инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жерлердің 80% қалпына келтіріліп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына үлкен әсер тигізетін болады.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету:

Елді мекендерің экологиялық жағдайын және суармалы сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында 2020 жылы облыстық бюджеттен
8 каналға (Қазалы ауданы Қазалы қаласындағы «Көне Қырғыз арық», «Дәулет арық», Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылдық округіндегі «Меней», Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округіндегі «Ауыл арығы», Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам», Амангелді ауылдық округіндегі «Қызыл ту», Шиелі ауданы Гигант ауылдық округіндегі «Л-1», Жаңақорған ауданы Сунақ ата ауылдық округіндегі «У1, У2, У3, У4») және
2020 - 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасы бойынша
4 каналға (Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі  «Ақкиіз», Ғ.Мұратбаев ауылдық округіндегі «Ақарық, Шиелі ауданындағы "Көксу", Жаңақорған ауданындағы "Сумағар") су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Соның ішінде бүгінгі күнге 3 су шаруашылығы нысаны (Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округіндегі «Ауыл арығы», Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округіндегі «Ақтам», Шиелі ауданы Гигант ауылдық округіндегі «Л-1») және 2020 - 2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасымен
1 су шаруашылығы нысаны (Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев ауылдық округіндегі «Ақарық) бойынша жұмыстар толық аяқталып, қалған 8 су шаруашылығы нысандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бөлінген қаржыға ұзындығы барлығы 96,4 шақырым болатын 12 канал тазаланып, олардың бойындағы 10 дана гидротехникалық құрылыс жөнделетін болады.

Сонымен бірге, өздігінен су бармайтын 4 елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін  (Қармақшы ауданы Төребай би, Алдашбай ахун, Жалағаш ауданы Еңбек, Жаңақорған ауданы Қандөз ауылдық округтеріне) 4 дана насос қондырғысын сатып алуға қаржы бөлінді.

«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен облыс көлеміндегі коммуналдық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысандары анықталып, есепке алынды. Оның, бүгінгі күнге 220 су шаруашылығы нысандары аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік деңгейінен облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне өткізілді.

Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу:

Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстау, жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау мақсатында 26 көлге су қорғау белгілері орнатуға қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
30 июня 2020
Дата обновления
30 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы