Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 12 айында атқарылған жұмыстар

ҚР «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасының 
қалдықтарды басқару бағыты бойынша 3 нысаналы индикатор аясында шаралар атқарылуда.

  1. Қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру. 2024 жылы жинақталған
    303 050 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 91 218 тоннасы өңделді
    (30,1%).

Облыс бойынша қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу саласында 17 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді енгізу нәтижесімен көмілетін қалдықтар көлемі қысқаруда. «Адима» жеке кәсіпкері Жалағаш кентінде картон қалдықтары мен макулатурадан эковата шығаруда. «Қызылорда Қағазы» ЖШС макулатура, қартон қалдықтарын жинақтап, қағаз өнімдерін (әжетхана қағазы) шығаруда. «Қарасақал» жеке кәсіпкерлігі Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінен макулатура, қартон, пластмасса, пластик қалдықтарын қабылдауда. «Абай-Даулет» ЖШС-мен пластик бөтелкелерін сұрыптап, жинақтауды жүзеге асыруда. Тиісті есептілік ақпарат Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданды.

  1. Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту.

2024 жылы облыс тұрғындарының 72,0 % тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен  қамтамасыз етілген.

Облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған барлығы – 9 546 дана контейнерлер бар. Оның ішінде, қалдықтарды бөлек жинауға арналған – 1 844 дана арнайы контейнерлер (874 – құрамында сынабы бар шамдарға, 50 – тағам қалдықтарына, 911 – пластикалық бөтелкелерге, 9 – макулатураға) орналасқан.

  1. Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар.

Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі
402 гектар жер учаскелері белгіленген.

Бүгінгі күні, облыстағы 8 полигонға (5,5%) экологиялық және санитариялық рұқсат құжаттары алынған.

Сырдария ауданындағы (Тереңөзек кенті) полигон жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, полигон құрылысына облыстық бюджеттен 475,5 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Нысан 20.11.2024 ж. қабылданды.

Өңірде «Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыруы арқылы қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында жалпы құны 42,5 млрд.теңгені құрайтын 9 жобалар бойынша жұмыстар жүруде.

Бұл жобалар облыстың барлық ауданын және Қызылорда қаласын қамтиды. Инвесторлар анықталды. Қаржыландыруға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на өтінімдер жолданып, сараптамалардан өткізілуде.

2024 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» мекемесімен ғарыштық түсірілім арқылы облыс аумағында 118 стихиялық қоқыс орындары анықталып, толығымен тазартылды.

Дата публикации
14 января 2025
Дата обновления
14 января 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы