Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 12 айында атқарылған жұмыстар

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің   жалпы көлемі 7,0 млн. га құрайды, оның 3,8 млн. га орманды алқаптар.

Облыстағы ормандарды қорғау, сақтау, және молықтыру мақсатында 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 729 қызметкерлер жұмыс жасайды.

Мемлекет басшысының бес жыл ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн.га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында облыстық деңгейде 2024 жылы 100 мың гафитоорманмелиорациялық жұмыстары толығымен орындалды.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 58,4 млн. теңге бөлініп, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 150 мың га топырақ зерттеу және жобалау жұмыстары жүргізілді.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 585 (орман билеті-566, ағаш кесу-19) жеке және заңды тұлғаларға беріліп, облыстық бюджетке 23,9 млн. теңге түсті.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды  алдын-алу, оны  анықтау мақсатында 291 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзушылықтар бойынша 64 жағдайы анықталды.

2024 жылдың 29 ақпанында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Орман  өртін болдырмау және  алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 13 дана өрт сөндіру автокөлігі мен
65 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.

Қазіргі таңда, өрт қауіпті учаскелерде 6445 шақырымға өрт жолақтары қалпына келтірілді, 107 дана аншлагтар мен паннолар орналастырылды, 1993 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдарына 23 рет мақалалар жарияланды.

Орман мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін 102,5 млн. теңге бөлініп, қажетті техника мен құрал саймандар сатып алынды.

Анықтама ретінде: 33 мотоцикл (Арал-6, Қазалы-5, Қызылорда-6, Шиелі-7,Жаңақорған-9), 1 Нива (Сырдария),1 Дрон (Жалағаш), 1 трактор (Сырдария), 5 орман отырғызу агрегаты (Қазалы-3, Қармақшы-2), 15 навигатор (Қазалы-5, Қармақшы- 5, Жалағаш-5), 10 мотопомпа (Арал-3, Қазалы-5, Жалағаш-2), байланыс құралдары (15 навигатор Қазалы-5, Қармақшы-5, Жалағаш-5,мобилді радиостанция  Қвзвлы-6,арқаға асатын радиостанция Қазалы-2, Қармақшы-3, жалағаш-8, Шиелі-7, GPS навигатор Қызылорда-1) және т.б.

Бұдан бөлек, Дүниежүзілік Банк қайтарымсыз қаржысы есебінен «Қазақстан Республикасында ландшафтарды қалпына келтіру» жобасы аясында Қазалы ауданында сексеуіл, саялы ағаш көшеттерін дайындау үшін тұрақты орман тұқымбағын құру жұмыстары және Қызылорда қаласы маңындағы Қызылорда-Жезқазған автожолы бойындағы орман қоры жерінің 3 мың гектарына жасыл аймақ құру бойынша сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
14 января 2025
Дата обновления
14 января 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы