Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені жәнебалық шаруашылығына маңызы бар 201 көлдер бар. Оныңішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 174 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 26-сы (Арал-2, Қазалы-7, Қармақшы-4, Жалағаш-2, Сырдария-4,Жаңақорған-1, Шиелі-4, Қызылорда-3) резервтік қорда.

Балық аулау

2024 жылдың 11 айында облыс бойынша – 4333,1 тонна балық ауланды.

1). Кіші Арал теңізі – 4135,8 тонна

2). Жергілікті көлдер – 197,3 тонна

Ең үлкен кәсіпшілік балық аулау Кіші Арал теңізінде жүргізіледі (93%) қалған 7% жергілікті су айдындарында.

Балық экспорты:

2024 жылдың 12 айы бойынша 4 052 тонна балық өнімдері 13 шет мемлекеттеріне экспортталды.

Анықтама: 2023 жылы  3394,3 тонна балық өнімдері шет елдеріне экспортталды.

Бүгінгі күні облыста 10 балық өңдеу зауыттары жұмыс жасауда. Оның 4-уінде Еуропалық Одақ елдеріне балық өнімдерін экспорттау құқығын беретін «Еврокод» нөмірлері бар.

Анықтама: Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылғанбалық және балықұны.

Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:

2017 жылдан 2023 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 2 076,4 тонна балық өсірілді (2017 ж – 105тн, 2018 ж – 125 тн, 2019 ж – 144 тн, 2020 ж – 155 тн, 2021 ж – 184 тн, 2022 ж – 526,4 тн, 2023 ж – 875тн).

2024 жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 1 000 тонна тауарлы балық өсіру жоспарлануда.

Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың
2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, «Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді.

Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған шаруашылығы, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.

Бүгінгі күні, облыс бойынша 2 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 8 тоған шарушылығы, 6 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 76-ға жетті.

2023 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 9,1 млн.теңге қаржы бөлінген.

Өз кезегінде, Жаңақорған ауданы «Ислам» ШҚ-ы атынан 9,1 млн. теңге қаржыға балық жемін сатып алу субсидиясы бойынша келіп түскен өтінімдер Басқармамен мақұлданып, субсидияланды.

«2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» бойынша 9 524 млн т. бөлініп, 6 балық өсіру шаруашылықтары толығымен субсидияланды.

Балық қорғау шаралары

2024 жылы Облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының  іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шара жоспарына сәйкес, тамыз-қыркүйек-қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылды.

Бүгінгі күнге, 7 млн-нан астам балық шабақтары құтқарылып, балық шаруашылығы су айдындарына жіберілді.

Анықтама :2023 жылы облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 324 адам қатысып, 42 дана техника қолданылып, 7,7 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ

Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 25 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 16 аңшылық алқап резервте тұр.

2021 жылы «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы аяқталып, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.

Анықтама: Облыс аймағында сүтқоректілердің 40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 30 түрі мекендейді.

2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 168 189 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 6 түріне – 61 974 дана, құстардың 7 түріне – 106 215 дана.

2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 38 011 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 9 167 дана, құстардың 6 түріне – 28 844 дана.

Анықтама: 2024 жылы (қабан – 2 718, қарсақ – 49, түлкі – 975, қоян – 33 122,
ондатр – 24 500, борсық – 610, қаз – 12 274, үйрек – 37 123, қасқалдақ – 25 837,
қырғауыл – 20 309, шіл – 863, кекілік – 675, кептер – 9134).

2023 жылы (қабан – 228, түлкі – 5, қоян – 8 842, борсық – 92, қаз – 1 639,
үйрек – 11 965, шіл – 90, қасқалдақ – 4 894, кептер – 280, қырғауыл – 9 976).

Жануарлар дүниесін пайдалану

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі

Жыл басынан жануарлар дүниесін пайдалануға 417 өтінім келіп түсті, оның ішінде 387 өтінімге рұқсат беріліп, 30 өтінім дәлелді бастартылды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат берілген рұқсаттар бойынша бюджетке 182 млн. теңге түсті.

Дата публикации
14 января 2025
Дата обновления
14 января 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы