Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 12 айында атқарылған жұмыстар

Мемлекет Басшысының Жолдауында «Ирригация жүйелері жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны дихандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту» қажеттігін тапсырды. Бұл бағытта, облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 тамыздағы №694 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының  су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына» облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын 112  жоба ұсынылды.

Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).

Кешенді жоспарға енгізілген «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Келінтөбе магистралды каналына су беретін канал» жобасын жүзеге асыруға 2024 жылға республикалық бюджеттен 488 млн.теңге, облыстық бюджеттен 50,2 млн.теңге бөлініп, игерілді. Жоба аясында ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын айналма канал қазылды.

Сонымен қатар, Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 5,173 млрд. теңге болатын 8 жоба ұсынылды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 27,5 млн.теңге бөлініп,  облыстық коммуналдық меншіктегі 2 су қоймасының (Көлтоған, Манап) жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемсараптаманың қарауына енгізілді және 60,4 млн.теңгеге 3 су қоймасына (Көлтоған, Манап, Қыраш) көп факторлы тексеру жүргізу мен қауіпсіздік декларациясын рәсімдеу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендеріндегі су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстардың жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2024 жылғы 06 маусымдағы №92 қаулысымен «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Мемлекеттік мекеменің мақсаты облыстық коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстар мен су шаруашылығы жүйелерін күтіп ұстау, пайдалануға енгізу, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру, елді мекендердің тыныс-тіршілігін аяқ сумен қамтамасыз ету болып табылады.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, «Арна» КММ-і арқылы 6,8 млн.теңгеге Сырдария ауданы С. Сейфуллин ауылдық округіндегі  ұзындығы 1,8 шақырым болатын «Құрымбек» каналына тазалау мен гидротехникалық құрылысын жөндеу және 9,2 млн.теңгеге Тереңөзек кентіндегі ұзындығы 3,5 шақырым болатын «Айтбай арығы» каналына тазалау, гидротехникалық құрылысына  жөндеу жұмыстары атқарылды.

Сонымен бірге, Көлтоған су қоймасының аппаттық жағдайын алдын алу үшін арнасын тазалау мен уақытша бөгетін нығайту жұмыстары атқарылды.

Дата публикации
14 января 2025
Дата обновления
14 января 2025
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы