| Орналастыру күні | Хабарландыру | |
| 18.08.2020 ж |
«Южная горно-химическая компания» бірлескен кәсіпорыны» ЖШС («ЮГХК» БК» ЖШС) ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес (57-2 бап) «Түркістан облысы Созақ ауданы мен Қызылорда облысы Шиелі ауданында Инкай кен орнының № 4 учаскесін әзірлеу жобасы» жобасына қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіні туралы хабарлады.Тыңдау 2020 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10:00-де Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді (ҚР аумағында карантин ұзартылған жағдайда тыңдаулар бейнеконференция форматында, бейнеконференцияға сілтеме түрінде өтеді: https://join.skype.com/prDMBoepNnge). Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты жергілікті атқарушы орган және тұлғаның байланыс деректері: «Қызылода облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, Суханова Ботагоз, тел:+7(7242)-60-53-62. Жоба бойынша құжаттама: www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-tabigat сайтында орналасқан. Жоба материалдарымен қағаз түрінде мына мекенжай бойынша танысуға болады: 160024, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Енбекші ауданы, Солтүстік-Шығыс ш/ауд., Арғынбеков к., 100 үй, «ЮГХК» БК» ЖШС кеңсесі. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауы – Қызылорда облысының Экология департаменті. Тапсырыс беруші - «ЮГХК» БК» ЖШС. ҚОӘБ бөлімінің бас жобалаушысы және әзірлеушісі: «ЭлитСтройПроект-КС» ЖШС, Алматы қ., Бостандық ауданы, Сәтбаев к., 90/1 үй, 904 кеңсе, тел. 8 (747) 80 444 90, 8 (727) 311-99-22. Ұсыныстар туралы ескертулеріңізді келесі электрондық мекенжай abc_engineering@inbox.ru бойынша айтуға болады. |
|
| Мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі ашық парағы | ||
| Толтырылған мүдделі жұртшылықтың пікірін есепке алу жөніндегі сауал парақтары | ||
| 28.09.2020 ж | Ашық нысанындағы қоғамдық тыңдаулар хаттамасы |