БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыс аумағында Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені және балық шаруашылығына маңызы бар201 көлдер бар. Оның ішінде, Кіші Арал теңізі толықтай және 175 көл конкурстық негізде 5-49 жылдарға табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілсе, 26-сы (Арал-2, Қазалы-7, Қармақшы-4, Жалағаш-2, Сырдария-4, Жаңақорған-1, Шиелі-4, Қызылорда-2) резервтік қорда.
Балық аулау
2024 жылдың 9 айында облыс бойынша –4 312,4 тонна балық ауланды.
Анықтама: 2023 жылы 6484,1 тонна балық ауланды.
Балық экспорты:
2024 жылдың 9 айы бойынша 2 408,9тонна балық өнімдері 13 шет мемлекетке экспортталды (Ресей – 1016,84 тн, Дания – 314,21тн, ҚХР – 160 тн, Нидерланды – 174,58 тн, Германия – 138,674тн, Литва – 134,556 тн, Польша – 195,2 тн, Қырғызстан – 20 тн, Венгрия – 18 тн, Латвия – 16,2 тн, Эстония – 16,2 тн, Грузия – 10 тн, Румыния – 4,9 тн).
Анықтама: 2023 жылы 3394,3 тонна балық өнімдері 13 шет елдеріне экспортталды (Ресей – 1200,03 тн, Германия –900,393 тн, Грузия – 192,343 тн, Литва – 114,18 тн, Польша – 65,34 тн, Нидерланды – 49,12 тн, Әзірбайжан – 40 тн, Венгрия – 32,4 тн, Австрия – 74,58 тн, Румыния – 22,818 тн, Дания – 290,09 тн, Франция – 16,8 тн, ҚХР – 392,28 тн).
(2023 жылдың 6 айы – 1699,497 тн).
Анықтама: Экспортталатын балықтардың негізгі түрлері: тыран, торта, алабұға, шортан, көксерке. Сондай-ақ, өңделген өнімдер түрінде көксерке сүбесі, тыран қанаттары, балық фаршы, балық сүбесі, мұздатылғанбалық және балықұны.
Тауарлы балық өсіруді (аквакультура) дамыту бойынша:
2017 жылдан 2023 жыл аралығында көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 2 076,4тонна балық өсірілді (2017 ж – 105тн, 2018 ж – 125 тн, 2019 ж – 144 тн, 2020 ж – 155 тн, 2021 ж – 184 тн, 2022 ж – 526,4 тн, 2023 ж – 875тн).
2024жылы көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 1 000 тонна тауарлы балық өсіру жоспарлануда.
Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес,«Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік Бағдарламасы» әзірленіп, облыс әкімдігімен 2020 жылғы 30 қазанда №127 қаулысымен бекітілді.
Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы,12 тоған шаруашылығы,3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған.
Бүгінгі күні, облыс бойынша 2 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы, 8 тоған шарушылығы, 6 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы толығымен іске қосылып, көл-тауарлы балық шаруашылықтарының саны 76-ға жетті.
2023 жылы облыстық бюджеттен балық өсіру үшін балық жемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың 30%-ын субсидиялауға 9,1 млн.теңге қаржы бөлінген.
Өз кезегінде, Жаңақорған ауданы «Ислам» ШҚ-ы атынан 9,1 млн. теңге қаржыға балық жемін сатып алу субсидиясы бойынша келіп түскен өтінімдер Басқармамен мақұлданып, субсидияланды.
Арал қаяз балығы санын қалпына келтіру жобасы:
2023 жылы Арал қаязының аналық-аталықтарын тоған жағдайында қалыптастырып, олардан табиғи жағдайда уылдырық алу дәрежесіне дейін жеткізу мақсатында «Кіші Арал теңізіндегі Арал қаязы балығының санын қалпына келтіру үшін, оның генофондын сақтау» жұмыстарын жүргізу жобасы бойынша облыс аумағындағы күріштік алқаптарынан, каналдар мен қашыртқылардан және бөлектенген су айдындарынан 10 мың дана қаяз балығының шабақтары жиналып, Арал ауданы, «Қамыстыбас» көліне жіберілді.
Балық қорғау шаралары
2023 жылы Облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес, тамыз-қыркүйек-қазан айлары балық шабақтарын құтқару айлары болып жарияланып, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен, қала және аудан әкімдіктерімен жұмысшы топтар құрылды.
Осыған орай, облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 324 адам қатысып, 42 дана техника қолданылып, 7,7 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.
Анықтама: 2022 жылы облыс аумағында орналасқан күріш алқаптарында, каналдарда, бөлектеніп қалған су айдындарында шабақ құтқару жұмыстары жүргізіліп, 250 адам қатысып, 40 дана техника қолданылып, 8,2 млн. дана балық шабақтары құтқарылып балық шаруашылығына маңызы бар су айдындарына жіберілді.
ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ
Қызылорда облысында жалпы көлемі 9,8 млн.га болатын 41 аңшылық алқаптар бар, оның ішінде 25 аңшылық алқап табиғат пайдаланушыларға бекітіліп беріліп, 16 аңшылық алқап резервте тұр.
Бүгінгі күні, конкурстық комиссия құрамының қаулысы шығарылып, аңшылық алқаптардың дамыту жоспары мен бастапқы бағалары әзірленуде.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылдың 2 қыркүйектегі №594 бұйрығымен «Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы ҚР Заңына сәйкестендірілді.
Анықтама: Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңының 37-бабының 1-тармағына сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығы облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшесі мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негізінде белгіленеді делінген.
Ал, Ауыл шаруашылығы министрінің 27.12.2018 жылғы №542 бұйрығымен бекітілген аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың үлгілік нысандарында аңшылық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шартжергілікті атқарушы орган мен пайдаланушы арасында жасалады деп көрсетілген.
2021 жылы «Қызылорда облысы аңшылық алқаптарының ақпараттық - анықтамалық картасы сайтын әзірлеу» жобасы аяқталып, қазіргі уақытта жұмыс жасап тұр.
2023 жылы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен 1,6 млн. теңгеге биотехникалық іс-шаралар жүзеге асырылды.
Анықтама: Облыс аймағында сүтқоректілердің40-тан астам түрі және құстардың 300 түрі, оның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен құстардың 30 түрі мекендейді.
2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 168 189 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 6 түріне – 61 974 дана, құстардың 7 түріне – 106 215 дана.
2023 жылғы 15 ақпаннан бастап 2024 жылғы 15 ақпанға дейінгі аралықта Экология және табиғи ресурстар министрлігімен Қызылорда облысына жалпы көлемі 38 011 дана жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиті бекітілді. Оның ішінде жануарлардың 4 түріне – 9 167 дана, құстардың 6 түріне – 28 844 дана.
Анықтама: 2024жылы (қабан – 2 718, қарсақ – 49, түлкі – 975, қоян – 33 122, ондатр – 24 500, борсық – 610, қаз – 12 274, үйрек – 37 123, қасқалдақ – 25 837, қырғауыл – 20 309, шіл – 863, кекілік – 675, кептер – 9134).
2023 жылы (қабан – 228, түлкі – 5, қоян – 8 842, борсық – 92, қаз – 1 639,
үйрек – 11 965, шіл – 90, қасқалдақ – 4 894, кептер – 280, қырғауыл – 9 976).
Жануарлар дүниесін пайдалану
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша – 360 өтініштер келіп түсті.
Анықтама: Берілгені 345 рұқсат құжаты, 15 ұсынылған құжат материалдары дұрыс болмауына байланысты кері қайтарылды.
Республикалық бюджетке 158,2 млн.теңге түсті.