Меню

Страницы

Статья

2024 жылғы 9 айында атқарылған жұмыстар

Мемлекет Басшысының Жолдауында «Ирригация жүйелері жалпы су шаруашылығы мәселесімен мұқият айналысу, көктемгі қарқын суды жинап, оны дихандардың қажетіне жарату мақсатында гидрология бекеттерін жөндеп, жаңғырту» қажеттігін тапсырдым. Бұл бағытта, облыста бірқатар жұмыстар атқарылды.

Бұл бағытта, ҚР Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына облыстан жалпы соммасы 148,3 млрд. теңге болатын    114 жоба ұсынылды.

Оның ішінде су жинау көлемі 775 млн. м3 болатын «Қараөзек» су қоймасын салу мақсатында,бүгінгі күні су қоймасын салу мәселесін Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыру үшін Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде (жоба құны 3,8 млрд.теңге).

Кешенді жоспарға енгізілген «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Келінтөбе магистралды каналына су беретін канал» жобасын жүзеге асыруға 2024 жылға республикалық бюджеттен 488 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, 2024 жылға Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 5,173 млрд теңге болатын 8 жоба ұсынылды.

Бүгінге таңда  жөндеу жұмыстарын қажет ететін 2 су қоймаларының (Көлтоған, Манап )жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге бөлінген                     30,2 млн. теңгеге  тиісті құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолдануда.

 Сол сияқты 3 су қоймаларына (Көлтоған, Манап, Қыраш)көп факторлы тексеру жүргізу және қауіпсіздік декларациясын рәсімдеуге бөлінеген       64,7 млн. теңгеге мердігер мекеме арқылы тиісті жұмыстар атқарылуда.

Биылғы жылдың 11-12 сәуір күндері Шымкент қаласында өткен Мемлекет аралық су шаруашылығын үйлестіру комессиясының кезекті отырысында Шардара су қоймасына вегетация кезеңінде 3,6 млрд. м3 су түсуі келісілген болса, одан нақты 4,7 млрд. м3 су түсті. Нәтижесінде Арал теңізіне түскен судың көлемі едәуір ұлғайды.

2022-2023 жылдары теңізге вегетация кезеңінде орташа есеппен секундына 15 текше метр су түссе, биылғы жылы 70 текше метр су түсті. 

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендеріндегі су нысандарын тазалау және гидротехникалық құрылыстардың  жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы №92 қаулысымен «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Аталмыш мекеменің штаттық құрылымдары бекітіліп, қажетті техникалары жасақталуда және мекемені ұстап тұруға биылғы жылдың           5 айына жергілікті бюджеттен 186,9 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні Сырдария ауданы С. Сейфуллин ауылындағы  жалпы ұзындығы 1,8 шақырым болатын «Құрымбек» каналын тазалау мен гидротехникалық құрылысын жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл жұмысты  атқаруға жоба-сметалық құжаттамасы бойынша 13,8 млн. теңге қажет болса, «Арна» мекемесі арқылы 6,8 млн теңгеге белгіленген жұмыстар атқарылып, бюджет қаражаты 50%-ға үнемделді.

Дата публикации
07 октября 2024
Дата обновления
07 октября 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы