2023 жылғы 8 желтоқсанда Су ресурстары және ирригация министрлігі мен облыс әкімдігінің бірлескен республикалық бюджеттен іске асырылатын 141,4 млрд. теңге болатын (37 жоба) су шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған «Қызылорда облысының суармалы жүйелері мен гидротехникалық құрылысжайларды қалпына келтіру жөніндегі» кешенді жоспары бекітілді.
Кешенді жоспарға енгізілген «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Келінтөбе магистралды каналына су беретін канал» жобасын жүзеге асыруға 2024 жылға республикалық бюджеттен 488 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, 2024 жылға Ислам Даму Банкі есебінен қаржыландыруға облыс бойынша бірінші кезекте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс 5,173 млрд теңге болатын 8 жоба ұсынылды.
2019 жылдан бастап ПУИД-2 жобасы аясында Жалағаш ауданында (Аққұм, Бұқарбай батыр, Таң, Мәдениет а.о) 15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны - 9,3 млрд. теңге.
Жоба бойынша 2019 жылы 816,9 млн.теңге, 2020 жылы 2,227 млрд.теңге, 2021 жылы 1,747 млрд. теңге, 2022 жылы 2,302 млрд. теңге, 2023 жылы 2,016 млрд.теңге қаржы игерілді.
2024 жылдың маусым айына 212,3 млн. теңге қаржы игерілді, қазіргі таңда 829698 м (98,8 %) су жүйелері, 917840 м (99,2%) қашыртқы жүйелері тазаланып, 14538 дана (99,1 %) су құрылыстары, 151 дана (100%) бақылау ұңғымалары салынды. Жалпы бұл жобалар жүзеге асырылған жағдайда өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына өз септігін тигізетін болады.