Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар

Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің   жалпы көлемі 7,0 млн. Гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. Гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 83% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.

Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 729 
қызметкерлер жұмыс жасауда.

Ағымдағы жылы, облыстық деңгейде атқарылатын 100 мың гектардың 50 мыңга жерге сексеуіл көшетін отырғызу көктем айларында жүргізілді, қалған 50 мың га сексеуіл тұқымын жинау агротехникалық талаптарға сәйкес күз айларында орындалатын болады.

2024 жылы көктем айында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында
50 мың га жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізіліп және
15 млн. дана сексеуіл көшеттері қазылды.

Сонымен қатар, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 150 мың га топырақ зерттеу және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен
58,4 млн. теңге бөлінді.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 51 (орман билеті-39, ағаш кесу-12) жеке және заңды тұлғаларға берілді.

Сонымен     қатар,  мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды  алдын-алу, оны  анықтау мақсатында 170 рейдтер ұйымдастырылып,оныңішіндеорман тәртібін бұзушылықтар бойынша 26 жағдайы анықталды.

2024 жылдың 29 ақпанында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарыбекітілді.

Орман  өртін болдырмау және  алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 13 дана өрт сөндіру автокөлігі мен
65 тұрақтыөрт сөндірушілер қызмет атқарады.

Қазіргі таңда, өрт қауіпті учаскелерде 527 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 4220 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, өрт қауіпті деген жерлерге 82 дана аншлагтар мен паннолар орналастыру және 1953 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар тарату, бұқаралық ақпарат құралдарына 19 рет мақалалар жарияланды.

Дата публикации
04 июля 2024
Дата обновления
04 июля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, Оңтүстік Хайыркелді кен орнындағы қабат қысымын ұстап тұру жүйесінің суларының ластаушы заттардың жол берілетін төгінділерінің нормативтері жобасы, шығарындылардың стационарлық
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Таур кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.
Хабарлама
23 октября 2026
«KAZPETROL GROUP» (KAZPETROL GROUP)» ЖШС-нің Оңтүстік-Батыс Хайркелді кен орнына арналған атмосфераға ластаушы заттардың рұқсат етілген ШН жобасы, шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы, ҚОҚБ, ҚББ, ӨЭББ, ҚОҚІШ.

Социальные медиа

Фейзбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы