«Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасының қалдықтарды басқару бағыты бойынша 3 нысаналы индикатор аясында шаралар атқарылуда.
Бірінші. Қалдықтардың өңдеу үлесін арттыру бойынша.
2024 жылдың І тоқсанында облыс бойынша жинақталған 75 762 тонна тұрмыстық қатты қалдықтардың 21 270 тоннасы өңделіп, пайыздық үлесі 28,0% құрады.
Облыс бойынша қалдықтарды жинау, сұрыптау және өңдеу саласында
15 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді енгізу нәтижесімен көмілетін қалдықтар көлемі қысқаруда.
«Адима» жеке кәсіпкері Жалағаш кентінде картон қалдықтары мен макулатурадан эковата шығаруда. «Қызылорда Қағазы» ЖШС макулатура, қартон қалдықтарын жинақтап, қағаз өнімдерін (әжетхана қағазы) шығаруда. «Қарасақал» жеке кәсіпкерлігі Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінен макулатура, қартон, пластмасса, пластик қалдықтарын қабылдауда. «ДаЖаЕр» ЖШС-мен макулатура, картон, пластмасса, пластик қалдықтарын сұрыптап, жинақтауды жүзеге асыруда.
Екінші. Халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамту бойынша.
Облыс тұрғындарының71,9 %осы қызметпен қамтамасыз етілген
(«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама аясында республикалық жоспар 2030 ж. – 100 %).
Бүгінгі күні облыс бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға барлығы – 1844 контейнерлер (874 – құрамында сынабы бар шамдарға, 50 – тағам қалдықтарына, 911 – пластикалық бөтелкелерге, 9 -макулатураға) орналасқан.
Үшінші. Экологиялық және санитариялық талапқа сай келетін полигондар.
Облыстың 145 елді мекендерінде полигон қызметі үшін жалпы көлемі
402 гектар жер учаскелері белгіленген.
Бүгінгі күні, облыстағы7 полигон (4,8%) экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкестендірілген.
Облыстың 4 ауданында жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын жаңа полигондардың жобалық-сметалық құжаттамалары (Арал ауданы (Сексеуіл кенті) –
752,0 млн.тг., Жалағаш ауданы – 526,0 млн.тг., Сырдария ауданы – 475,5 млн.тг., Шиелі ауданы -823,0 млн.тг.) әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды.
Сырдария ауданындағы (Тереңөзек кенті) полигон жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, полигон құрылысына облыстық бюджеттен 475,5 млн. теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүруде.
2024-2026 жылдары облыс бойынша қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында«Жасыл Даму» акционерлік қоғамының қаржыландыруы арқылы барлығы 8 жобаныіске асыру жоспарлануда.