Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 7,0 млн. гектарды құрайтын болса, оның 3,8 млн. гектары орманды алқаптар болып табылады. Орманды алқаптың 83% негізгі орман құраушы сексеуіл ағаштары алып жатыр.
Облыста ормандарды қорғау, молықтыру, сақтау және орман өртін алдын алу мақсатында, 8 орман шаруашылығы мекемелерінде 729 қызметкерлер жұмыс жасауда.
Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдар ішінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 миллион гектар сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылы 101 мың гектар, 2022 жылы
250 мың гектар жерге жүргізілсе, 2023 жылы 193,2 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілді.
2024-2025 жылдары барлығы 556,2 мың га (200 мың га - облыстық деңгейде, қалған 356 мың га - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті арқылы) фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2024 жылы Арал теңізінің құрғаған ұлтанында облыстық деңгейде 50 мың га жерге сексеуіл көшетін (15 млн. дана) отырғызу, 50 мың га жерге қарабарақ, сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жоспарлануда.
2024 жылы көктем айында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 41,6 мың га жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізіліп және 13,6 млн. дана сексеуіл көшеттері қазылды.
Сонымен қатар, Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 150 мың га топырақ зерттеу және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 58,4 млн. теңге бөлінді.
Жыл басынан бері мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ағаш кесу және орман билеті, барлығы 290 (орман билеті-278, ағаш кесу-12) жеке және заңды тұлғаларға берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында 110 рейдтер ұйымдастырылып, оның ішінде орма тәртібін бұзушылықтар бойынша 21 жағдайы анықталды.
2024 жылдың 29 ақпанында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Орман өртін болдырмау және алдын алу мақсатында орман шаруашылығы мекемелерінде 13 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 65 тұрақты
өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Өрт қауіпті учаскелерде 40 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 506 шақырымға ескі өрт жолақтары қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, өрт қауіпті деген жерлерге 10 дана аншлагтар мен паннолар орналастыру және 255 дана елді мекендердегі тұрғындар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар тарату, бұқаралық ақпарат құралдарына 7 рет мақалалар жарияланды.